Көп қыз сымбатының мінсіз болғанын қалайды. Арықтауға арналған жаттығулар жасап, түрлі диета көмегіне жүгінеді. Жылдам арықтағыңыз келсе, құлпынай диетасын ұстаңыз. Небары 4 күн ішінде 3 кг салмақтан арыласыз. Оны әсіресе жазда, жеміс-жидек арзан кезде ұстаған дұрыс.
Құлпынай диетасының мәзірі
Тәтті тағамдардан, наннан түбегейлі бас тартамыз. Салаттарға майонез бен май араластырмай, тек тұз қосып жейміз.
Алғашқы күнге арналған мәзір:
Таңғы ас: 1 стақан құлпынай, жасыл алма, майлылығы төмен айран, 1 ас қасық бал – барлығын араластырып, салат жасаймыз.
Түскі ас: құлпынай салатын жасау үшін стақан құлпынай, 2 қияр, 50 гр пісірілген тауық еті, жаңа сығылған лимон шырыны, грек жаңғағы, кез келген көк шөп, шай қасық өсімдік майы қажет. Түскі асқа осы салатты жейміз.
Бестік шай: стақан құлпынай мен бір тілім нан.
Кешкі ас: салат – 100 г картоп, пияз, стақан құлпынай, 50 г майсыз қатық, 0,5 стақан айран, жаңадан сығылған лимон шырыны.
Екінші күнге арналған мәзір:
Бірінші таңғы ас: қара бидай нанының бір тілімі мен стақан құлпынай.
Екінші таңғы ас: стақан құлпынай мен стақан майсыз айран.
Түскі ас: құймақтың ішіне құлпынай салып жейміз. (Қант қосудың қажеті жоқ).
Кешкі ас: орамжапырақ салаты – 100 г орамжапырақ пен стақан құлпынай, шай қасық өсімдік майы.
Үшінші күнге арналған мәзір:
Таңғы ас: стақан құлпынай мен бір тілім нан (немесе кептірілген нан).
Түскі ас: 200 г қауын, стақан құлпынай, жарты банан.
Бестік шай: стақан құлпынай мен бір тілім нан.
Кешкі ас: салатты буда пісіреміз: 70 г картоп, 70 г сәбіз, 70 г орамжапырақ. Тек тұз қосып араластырамыз. Құлпынайды ұйықтар алдында, 2 сағат бұрын жеу керек.
Төртінші күнге арналған құлпынай диетасы:
Таңғы ас: стақан құлпынай мен 50 г ірімшік.
Түскі ас: салат – стақан құлпынай, пияз, 100 г пісірілген балық, салат жапырағы, шай қасық өсімдік майы қажет.
Кешкі ас: құлпынай қосылған орамжапырақ салаты – 100 г орамжапырақ пен құлпынай, 1 шай қасық өсімдік майы.
Құлпынай диетасының артықшылықтары
Аталған диета ағзаға жылдам әсер етеді әрі кез келген бойжеткен оны сүйсініп жейді. Оның құрамында қант мөлшері аз.
Құлпынай диетасының кемшіліктері
Созылмалы ауруы бар адамдарға оны ұстауға тыйым салынады. Ағзаны әлсіретіп жіберетіндіктен, тек демалыс кезінде ұстаған жөн. Бұл диетаны тағы ұстайтын болсаңыз, арасына 2 ай салуды ұмытпаңыз.