- Негізгі бет
- Сымбат
- Арықтауға арналған қауын...
Арықтауға арналған қауын диетасы
Қауын диетасы — ең тиімді диеталардың бірі. Бұл диетадан соң елеулі өзгеріс және жылдам нәтиже болады. Сонымен қатар, бұл диетамен қауынның несеп айдағыш қасиеті негізінде бүйректі тазартуға болады.
Қауын диетасын 1 апта бойы ұстаған жөн. Егер бұл диетаны 1 апта ұстасаңыз, 5 кг артық салмақтан арылуға болады.
Қауын диетасының ерекшеліктері:
– Қауын қарынды тойдырады және ұзақ уақыт бойы тойып тұрғандай сезімде боласыз;
– Қауынның құрамында өсімдік өзегінің (клетчатка) көп мөлшері бар. Сондықтан ас қорыту жүйесін қалпына келтіруге, ағзаны қоқыстан және артық тұздан тазартуға көмектеседі;
– Қауын қосымша энергия береді және өмірлік тонусты жоғарылатады;
– Қауын – табиғи майды ыдыратқыш. Ол ағзадағы ауыр майлардың және зиян холестериннің шығуына ықпал етеді.
Қауын диетасының мәзірі
Бұл диетаның күнделікті мәзірі 1-1,5 кг қауынды құрайды. Таңғы асқа 1 шағын қауын жұмсағының жартысын жеу керек. Түскі ас пен кешкі асқа күнделікті өзіңіз жейтін тағамды жасасаңыз болады, алайда оның майсыз және қуырылмаған болуын қадағалаңыз. Қауын диетасы кезінде тәтті тағамдар да жемеу керек. Кешкі астан соң тағы да бірнеше тілім қауын жеу қажет. Диета кезінде газдалмаған қарапайым су мен шөптік шайлар ғана ішуге болады. Күніне шамамен 2 л сұйықтық ішуді ұмытпаңыз.
Қауынды қалай таңдау керек?
Диета ойдағыдай өтуі үшін өнім сапасына баса мән беру керек. Қауын міндетті түрде піскен болуы керек. Қауынның піскенін тексеретін бірнеше әдістер бар. Біріншіден, қауынды қағып көру керек. Егер қатаң дыбыс шықса, қауынның піскенін және диетаға жарамды екенін білдіреді. Егер ұяң дыбыс шықса, қауын толықтай піспеген. Екіншіден, егер қауын піскен болса, оның өткір әрі жағымды иісі болады. Егер қауын піспеген болса, одан шөптің иісі шығады немесе мүлдем иіс шықпайды. Үшіншіден, жемістің сыртқы келбетіне мән беріңіз. Қауынның шіріген немесе зақымдалған жерлері болмағаны жақсы. Қауын диетасын шілде және тамыз айында ұстаған жөн. Сол кезде қауынды таңдау да жеңілге түседі. Қауынның түрлі сорттарын байқап көріңіз. Себебі, диета кезінде күнде бір тамақты қайталап жеу жалықтырып жібереді.
А. Жапатова