- Негізгі бет
- Сымбат
- Арықтауға арналған қант...
Арықтауға арналған қант диетасы
«Қант диетасы» деген тіркесті бұрын-соңды естіп көрмеген шығарсыз. Алғашында балмұздақ, шоколад, тәтті бәліш сынды тағамдардан бас тартпай-ақ арықтауға болады екен деп қуануыңыз мүмкін. Расымен де, қант диетасын ұстаған кезде осы тағамдарды жей беруге бола ма?
Қант диетасы көп тағамға шектеу қояды. Барлығы да сіз бен біз ойлағандай оңай емес. Күнделікті жейтін тағамдардың құрамына қант пен су ғана кіреді. Яғни ішетін суда қант міндетті түрде болуы керек.
Қант ағзаға түскен соң фруктоза мен глюкозаға айналады. Глюкоза ағзаға көмірсу тасымалдайды. Ал көмірсулар ағзамызды энергиямен қамтамасыз етеді. Осылайша ағзамыз шаршағанын басады.
Қант диетасы монодиеталардың қатарына жатады. Монодиета деп бір ғана тағамның көмегімен арықтау тәсілін айтамыз. Кейде бір тағаммен шектелмей, оны ұқсас азық-түліктермен алмастырады. Есіңізде болсын: бұл диетаны 3 күннен артық ұстауға болмайды. Әйтпесе ағзаға кері әсерін тигізіп, ауыртады. Нәтижесінде ағза күйзеліске түседі.
Тамақтану қағидасы
Жанжабіл, жалбыз, қарақат, таңқурай, шие, итмұрын дәмі бар қара және көк шай ішуге болады. Әр 200 мл сұйықтыққа 30 г қант салынады. Күнделікті шайдан бөлек 2-3 литр минералды су ішкен жөн. Ал жоғарыда аталғандардан өзгесінің барлығы жүрекке кері әсерін тигізетіндіктен, оларды мейлінше ішпегеніңіз дұрыс.
Күніңізді көк шай ішуден бастаңыз. Ол жүзіңізге балғындық сыйлап, күш-қуатыңызды арттырады. Мұнымен қатар, сағат сайын бір стақан минералды су ішіп тұрыңыз.
Аштыққа шыдамайтын адамдарға асқабақ, қияр, орамжапырақ, сәбіз, қызылша сынды көкөністер жеуге рұқсат беріледі. Тек олар буға піскен болуы тиіс. Арасында түрлі салат жеңіз.
Аталған диета ағзаны қатты әлсіретіп жіберетіндіктен, оны демалыс күндері ғана ұстаңыз. Жүрекке ауырлық түсіретін жаттығулар жасамаңыз. Таза ауамен тыныс алып, аулада серуендеңіз. Күніне кем дегенде он сағат ұйықтаңыз.
Кері әсері
Қант диетасы жылдам арыктауға көмектессе де, ағзаны қатты әлісеретеді. Диетаны ұстамас бұрын міндетті түрде дәрігерге барып, қандағы қант мөлшерін тексертіңіз. Қант диабетіне шалдыққан адамдарға ұстауға қатаң түрде тыйым салынады. Мұнымен қатар, қаны мен ағзасындағы дәрумені аз адамдар ұстамағандары жөн.
Айына көп дегенде екі рет қана ұстаңыз. Диетаны бастамас бұрын алкогольді, майлы тағамдардан бас тартыңыз. Ал біткен соң пюре жеп, шырын ішіңіз.
Ал сіз артық салмақтан арылу үшін не істедіңіз?
Қ. Бүйенбай