Жұмыртқаның саруызы құрамындағы биотин тез арықтауға көмектеседі. Ол ағзадағы зат алмасу үдерісін, көмірсу алмасуын тездетіп, майдың жиналмауын қадағалайды. Сонымен қатар биотин тауық еті, айран, сүзбе құрамындағы ағуыздың қорытылуына әсер етеді.
Жұмыртқа диетасын ұстану барысында мына қағидаларды ұмытпаңыз:
- мейлінші жиі су ішіп тұрыңыз;
- көкөністерді суда қайнатып, сарымсақ, пияз, тұз қосуыңызға болады;
- тамақты маймен тұздамаңыз;
- қарныңыз ашса, сәбіз, салат жапырақтарымен, қиярмен жүрек жалғап алуыңызға болады;
- тамақтану режімін ұстаныңыз, яғни түскі, кешкі астың орнын алмастырмаңыз;
- спортпен айналысып, физикалық жаттығуларды жасап тұрыңыз.
Жұмыртқа диетасының жеті күндік мәзірі:
Бірінші күн
Таңғы ас уақытында грейпфрут, 2 қайнатылған жұмыртқа мен көк шай ішіңіз. Түскі асқа 1 қайнатылған жұмыртқа, 1 апельсин мен 150 гр қайнатылған тауық етін жеген жөн. Ал кешкі асқа 200 гр қайнатылған тауық еті мен бір стақан айран ішіңіз.
Екінші күн
Таңғы асқа 2 қайнатылған жұмыртқа, бір стақан цитрус шырынын ішіңіз. Түскі асқа 2 апельсин, 150 гр қайнатылған не бұқтырылған тауық еті мен 1 стақан су ішуге болады. Кешкі уақытта 2 қайнатылған жұмыртқа, грейпфрут және бір стақан сүт ішіңіз.
Үшінші күн
Таңғы ас уақытында 1 стақан суға 1 қасық лимон шырынын қосып ішіңіз. Содан соң 1 қайнатылған жұмыртқа жеп алыңыз. Түскі асқа 200 гр қайнатылған ет пен грейпфрут жеңіз. Кешкі уақытта 2 қайнатылған жұмыртқа мен бір стақан минералды су ішіңіз.
Төртінші күн
Таңғы асқа 3 жұмыртқадан омлет жасап, көк салаттан қосып жеңіз. Түскі асқа салат жапырақтарын, 2 қайнатылған тауық аяғын (150 гр-ға дейін) жеп алып, кешкі асқа 2 грейпфрут, 1 қайтанылған жұмыртқа мен бір стақан су ішіп алыңыз.
Бесінші күн
Таңертең қайнатылған сәбіз, 2 қайнатылған жұмыртқа мен көк пияз не аскөк пен ас қасық майлы емес қаймақпен тұздалған салат жасап жеңіз. Түскі ас уақытында 2 сәбіз бен 1 стақан апельсин шырынын ішіп алыңыз. Ал кешкі асқа 100 гр теңіз балығын лимон шырынында бұқтырып, 1 жұмыртқа мен 1 стақан минералды су ішіңіз.
Алтыншы күн
Таңғы асқа 150 гр майлы емес сүзбе мен бір стақан цитрус шырынын ішіңіз. Түскі асқа 2 грейпфрут пен 2 қайнатылған жұмыртқа жеп алыңыз. Ал кешкі асқа тек минералды су ішуге тырысыңыз.
Жетінші күн
Таңертең жарты грейпфрут пен 2 қайнатылған жұмыртқа жеңіз. Түскі асқа 200 гр қайнатылған ет пен 1 апельсин, ал кешке тек минералды су ішіңіз.
Жұмыртқа диетасын бірден үзіп жібермей, ақырындап шығыңыз. Ал өзіңіздің күнделікті мәзіріңізге цитрус, жұмыртқа, сүзбе мен айранды қосып тұруды ұмытпаңыз.