Оқырмандарымыз аяқтың толықтығынан арылғысы келетінін жазған еді. Сол себепті назарларыңызға үш жеңіл әрі пайдалы жаттығудың жасалу жолын ұсынамыз.
1-жаттығу
Бұл жаттығу «плие» деп аталады. Аяқты иық деңгейіне қойыңыз. Аяқтың ұшын екі жаққа бұрыңыз. Залда болсаңыз, гантельмен, үйде болсаңыз, кітаптармен жаттығуға болады. Гантельді не бірнеше кітапты ұстап, мейлінше төмен отырыңыз. Бірнеше секунд күтіп, асықпай тұрыңыз. Арқаны тіке ұстау керек.
2-жаттығу
Түзу тұрып, ішіңізді тартып, аяқты иық деңгейіне қойыңыз. Оң аяғыңызды артқа қойып, отырыңыз. Оң аяғыңызды түзу ұстап, алға қарай көтеріңіз (суреттегідей). 10-15 рет жаттыққан соң, сол аяғыңызбен жаттығуды қайталаңыз.
3-жаттығу
Денеңізді түзу ұстап, қолыңызды ілгері созыңыз. Оң аяғыңызды көтеріп, ұстап тұрыңыз. Арқаны бүкпей, отырыңыз. Бірнеше секунд күтіп, бастапқы қалыпқа қайтыңыз. Бұл жаттығуды әр аяқпен 10-15 рет қайталау керек.