Арықтауға арналған жаттығулар - 2

Сыртқы келбетіміз сұлу болуы үшін көп еңбектенуімізге тура келеді. Ол үшін міндетті түрде салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтануымыз қажет. Фитнеске жазылсақ, артық болмайды. Егер фитнеске жазылуға мүмкіндігіңіз болмаса, төменде үй жағдайында жасауға болатын жаттығулар көмекке келеді.

Ең алдымен, мына ережелерді ескеріңіз:

арыктау үшін жаттығуды аптасын 3-4 рет жасаңыз;

- жаттығуларды үзіліссіз жасаңыз;

- жаттығу жасаған кезде су ішпеңіз;

- әр жаттығуды соңына дейін орындауға тырысыңыз;

- арықтауға арналған жаттығуларды жасаудан бөлек күн сайын жүгіруді ұмытпаңыз.

Басы 

5. Секіру

Жаттығуды орындау үшін орташа биіктіктегі орындық қажет. Оны алдыңызға 30-40 см-дей жерге қойып, үстіне секіріп шығыңыз. Секірген кезде қолыңызды артқа сермеңіз.

Осылай 10 рет секіріңіз.

6. Қайықша

Швед добының көмегімен жаттығу жасайтын кез де келді. Алғашқы жаттығуымыз «қайықша» деп аталады. Жерге жатып, допты екі аяғыңыздың ортасына қысыңыз. Кейін допты мүмкіндігінше жоғары көтеруге тырысыңыз. Бөксе мен жамбас бұлшық еттерінің қалай жұмыс істеп жатқанын өзіңіз де байқайсыз.



Қайықша жаттығуын 10 рет қайталаңыз.

7. Доптың үстінде айналу

Доптың көмегімен тағы бір жаттығу жасаймыз. Аяғыңызды доптың үстіне қойып, қолыңызды жерге тіреңіз. Бөксеңіз бен беліңізді жоғары көтеріңіз. Мүмкіндігінше жоғары көтеріліп, артынша төмен түсіңіз.

Бұл жаттығуды шаршағанша жасай беруіңізге болады.

Арыктау үшін қандай жаттығулар жасау керектігі туралы әлі де жазатын боламыз. Әзірге дұрыс тамақтану мәселесін қарастырайық.

Физикалық жаттығулардың арықтауға пайдасы мол. Жаттығулар жасау барысында дұрыс тамақтанатын болсаңыз, жылдам арықтайсыз әрі денсаулығыңыз мықты болады. Ол үшін қатаң диеталар ұстап, арнайы дәрі-дәрмек ішудің қажеті жоқ. Бар болғаны күнделікті мәзіріңізден фаст-фуд, шоколад, қант, нан сынды тағамдарды алып тастаңыз. Оны сұлы, қара күріш ботқасымен алмастырыңыз. Ал тәтті тағамдардың орнына жеміс-жидек, көкөніс жеуіңізге болады.

Етті қуырмай, пеште пісіріңіз. Асып жеуіңізге де болады. Мүмкіндігінше суды аз ішуге тырысыңыз. Су зат алмасу процессін реттеп, тамақты жылдам қорытады.

Осылардың барлығын ескеретін болсаңыз, аз уақыттың ішінде үлкен нәтижеге қол жеткізесіз. Олай болса, іске сіт!