Арықтауға арналған жаттығулар

Сыртқы келбетіміз сұлу болуы үшін көп еңбектенуімізге тура келеді. Ол үшін міндетті түрде салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтануымыз қажет. Фитнеске жазылу артық болмайды. Егер фитнеске жазылуға мүмкіндігіңіз болмаса, төменде үй жағдайында жасауға болатын жаттығулар көмекке келеді.

Ең алдымен, мына ережелерді ескеріңіз:

- арыктау үшін жаттығуды аптасын 3-4 рет жасаңыз;

- жаттығуларды үзіліссіз жасаңыз;

- жаттығу жасаған кезде су ішпеңіз;

- әр жаттығуды соңына дейін орындауға тырысыңыз;

- арықтауға арналған жаттығуларды жасаудан бөлек күн сайын жүгіруді ұмытпаңыз.

1. Тұтасу (склепка)

Бұл жаттығуды жасаған кезде қарнымыздың бұлшық еті жұмыс істейді. Кілемшенің үстіне жатып, аяқтарыңыз бен қолдарыңызды созыңыз. Кейін аяғыңыз бен қолыңыздың ұшын бір-біріне тигізіңіз.

Бұл жаттығуды асықпай орындаңыз. Әсіресе бастапқы кезде. Оны 10 рет қайталаңыз.

2. Кик бэк

Бұл жаттығуды орындау өте қиын. Екі қолыңызды жерге қойып, аяғыңызды көтеріңіз.

Оны да 10 рет орындаңыз.

3. Отырып-тұру

Аталған жаттығу үй жағдайында арықтауға көмектеседі. Отырып-тұрған кезде секіруді ұмытпаңыз.


Отырып-тұру жаттығуын 10 рет орындаған соң келесісіне кірісіңіз.

4. Твистер

Бар салмақты жамбасыңызға түсіріп, аяғыңыз бен қолыңызды көтеріңіз. Артынша оңға, солға бұрылыңыз.

Твисттер жаттығуын 15 рет орындаңыз.

Ал сіз арықтау үшін не істеп жүрсіз?