Дене мүсіні сымбатты болу үшін физикалық жаттығумен қатар дұрыс тамақтану керек. Көптеген адам диетаны тамақтан бас тартумен шатастырады. Негізінде, диета дегеніміз — тамақтанудың тұрақты тәртібі.
Тәтті әрі пайдалы диетаның біріне бал диетасы жатады. Оның көмегімен екі аптада 2-6 кг салмақ тастауға болады. Сондай-ақ бұл диета түрі ағзаны шаршатпайды. Себебі, балдың құрамында ағзаны қуаттайтын көмірсулар мол.
Бал ағзаны нәрлендірумен бірге, сырт келбетке де жақсы әсер етеді. Бал диетасын ұстаған адамның терісі жұмсарып, қалыпқа келе бастайды. Бұл диетаның басты шарты – күнделікті килокалорий шамасы 1200-ден аспауы керек.
Бал диетасының екі түрі бар:
Диетаның бірінші түрі. Таңертең және ұйықтар алдында бал сусынын ішу керек. Оны дайындау үшін 1 ас қасық балды 100 мл суға қосып, араластырыңыз. Қалауыңызша лимон шырынын да қосуға болады. Таңертең тамақтануға бір сағат қалғанда және ұйықтауға екі сағат қалғанда ішу керек. Кешке бал сусынын ішкен соң тамақтануға болмайды.
Диетаның екінші түрі. Күн сайын табиғи бал, таңғы асқа алма жеу қажет. 1 шай қасық бал, 150 гр майсыз сүзбе мен 1 стақан лимон қосылған шай ішу керек. Сағат 11.00 шамасында 125 гр жемісті йогурт пен 1 стақан қышқыл шырын ішіп алыңыз. Түскі асқа қайнаған түрлі түсті орамжапырақ, 200 гр құлпынай немесе алма және бал қосылған шай ішіңіз. 17.00-де апельсин, алма не банан жеп алыңыз. Бірінші күні кешкі ас ішсеңіз, келесі күні ішпеуіңіз керек. Араға бір күн салып кешкі ас ішіп тұрыңыз. Бірінші күні кешке 1 стақан айран мен бір шай қасық бал жеу керек. Үшінші күні көкөніс сорпасы, алма мен бал жеп алыңыз.
Бұл екі диета екі аптаға созылады. Егер диетаның шарттарын бұзбасаңыз, нәтиже болары сөзсіз. Күні бойы газдалмаған су, шай ішіп тұруға болады.
Диетаны ұстану алдында балға аллергияңыз бар-жоғын анықтап алыңыз.