- Негізгі бет
- Сымбат
- Арықтауға арналған апельсин...
Арықтауға арналған апельсин диетасы
Апельсин диетасы – диетологтардың жаңадан ойлап тапқан диеталарының бірі. Апельсин цитрус тұқымдасына жататындықтан, аллергия беруі мүмкін. Диета кезінде апельсинді көп мөлшерде қолданатындықтан, егер аллергияңыз болса, бұл диетаны ұстамаңыз.
Апельсин диетасымен тамақтану түрінің бірнеше әдісі бар. Бір аптаға арналған апельсин диетасының 3 күнінің мысалын береміз. Ары қарай сол ретпен өзіңіз құрып алуға болады.
1-күн.
Таңғы ас: 1 апельсин мен суға қайнатылған 1 жұмыртқа.
Түскі ас: майлық үлесі аз 2 стақан айран немесе йогурт, қарабидай нанының тілімі.
Кешкі ас: суға қайнатылған 2 жұмыртқа, кептірілген нан, қалауыңызға қарай көкөніс.
2-күн.
Бұл күннің мәзірі 1-күндегідей, тек жұмыртқаларды 125 гр суға піскен сиыр етімен ауыстыру керек.
3-күн.
Сиыр етін суға қайнаған немесе пешке пісірілген төмен калориялы 200 гр балыққа ауыстырыңыз.
Апельсин диетасының қатаңырақ 21 күнге арналған түрі де бар.
1-апта. Тәулігіне 1 кг грейпфрут және суға піскен 2 жұмыртқа жеу керек.
2-апта. Жұмыртқаның орнына шектеусіз мөлшерде әртүрлі ботқа жеңіз.
3-апта. Апельсин орнына кез келген мөлшерде көкөністер жеуге болады.
Бір аптаға арналған ерекше апельсин-алма диетасы бар. Мысалы, таңғы асқа қара нан тілімі, 1 алма және аздап ірімшік жеңіз. Ал түскі асқа алма мен апельсинді йогуртпен араластырған салат және қарабидай нан тілімін жеуге болады.
А. Жапатова