Арықтауға арналған 3 жаттығу

Дұрыс тамақтанбау, көп отыру, ұзақ ұйықтау, күйзеліс адамды семіздікке шалдықтырады. Сол себепті арықтауға арналған жаттығулар жасап тұру керек. Назарларыңызға 3 жаттығу түрін ұсынамыз.

Алға сермеу

Бұл жаттығуды жасауда сан, бөксе мен пресс жұмыс істейді. Демек аяқ, бөксе мен ішімізде жиналатын майдан арылуга көмектеседі.

Оң жақ шетіңізден жатып, басыңызды оң қолыңызбен ұстаңыз. Сол қолдың алақаны алдыңызға, еден үстіне қойыңыз. Прессті күшейтіп, сол аяқты 10-15 см-ге жоғары көтеріңіз. Иық пен аяқты бір сызықтың бойында жату керек. Дем алып, сол аяқты алға шығарыңыз. Мейлінше ілгері жеткен соң, екі рет басыңызға қарай тартып, дем шығарып, бастапқы қалыпқа келіңіз. Бұл бір қайталау. Осы жаттығуды 10 рет жасап, сол жақ шетіңізге жатып, қайталаңыз.

Айналым

Бұл жаттығу барысында санның ішкі және сыртқы жағы мен пресс жұмыс істейді.

Шалқалай жатыңыз, ал қолдарыңыз дене бойында жата берсін. Прессті күшейтіп, сол аяғыңызды көтеріңіз. Тізені бүкпеуге тырысыңыз. Дем алып, аяқты сағат тілімен айналдырыңыз. Дем шығарып, тоқтап, аяқты түсіріңіз. Бұл жаттығуды 3-5 рет қайталаған соң айналдыру бағытын ауыстырыңыз.

Жартылай айналым

Шалқалай жатып, аяқты түзу, бір-біріне жақын ұстаңыз. Аяқты көтеріп, прессті күшейтіңіз. Дем алып, аяқты оң жаққа, шамамен 45 градусқа бұрып, түсіріңіз. Дем шығарып, аяқты бірден сол жаққа түсіріңіз. Ортаға қайтып келіп, қайтадан дем алып, сол жақтан бастап, оңға түсіріңіз. Бұл жаттығуды 5 рет қайталаңыз.

Бұл жаттығуды араға бір күн салып қайталауға болады. Екі-үш жаттығудан кейін қайталау санын екіге көбейтіп, жасаңыз.