Арықтауға арналған түрлі тәсілдер бар. Олар біреудің ағзасына жақсы әсер етсе, екінші біреуге мүлде әсер етпеуі мүмкін. Көпшілігіне көмегі тиген, дәлелденген әдістерді біз ұсынамыз, сіз де тәжірибеден өткізіп көріңіз.
Хош иіс
Қарын ашқан кезде асқазанды алдау үшін хош иіс иіскеуге болады. Бұл тоқтық сезімін туғызады. Бірақ әсері тым ұзаққа созылмайды. Дегенмен сынап көруге болады. Хош иіспен дауа жасау мамандары алманың, жалбыздың, ванильдің иісін ұсынады.
Тіс жуу
Сіз тісіңізді күнделікті ұйқыдан тұрғанда және төсекке жатар алдында ғана тазалайтын болсаңыз, бұл тазалықты енді арықтау әдісі ретінде қолданып көріңіз. Қарныңыз ашқан кезде дереу тіс жуыңыз, асқазанға ментол иісі барғаннан кейін, ол тамақ қабылдау аяқталды деп ойлайды да, қарныңыз тойғандай сезімде боласыз.
Тағамдық құндылығы
Тағамдардың калориясы бірдей болғанымен, асқазанға әртүрлі әсер етуі мүмкін. Мысалы 200 грамм сұлы ботқасында 180 калория болса, 2 жұмыртқада 160 калория бар. Алайда сұлы ботқасын жеген жан бірер сағаттан соң қайта қарны ашып, тоңазытқыш ақтара бастауы мүмкін, ал жұмыртқа жеген түскі асқа дейін тамақ іздемей, тоқ жүруі ықтимал. Сондықтан тиімдісін таңдаңыз.
Әдемі киіммен тамақ жеу
Сіз жұмысқа не сабақа жиналарда алдымен тамақтанып алып, содан кейін киім ауыстырасыз ба? Енді дағдыңызды ауыстырыңыз. Аш қарынмен тұрғанда әдемі киіміңізді киіп алыңыз. Сонда дастарқанда отырғанда барынша ұқыпты, сақтықтпен, асықпай тамақтанасыз. Бұл бір, екіншіден ішіңіз шығып кетпеудің қамын жасап, киіміңізді бүлдірмейін деп, өте аз жейсіз. Сонда да тойғаныңызды сезінесіз.