- Негізгі бет
- Сымбат
- Арықтау үшін диета...
Арықтау үшін диета емес, дұрыс тамақтану маңызды
Дұрыс тамақтану – диета емес. Сізге күні бойы су іш, қияр же немесе бір апта ауамен қоректен деп үйретпейді. Дұрыс тамақтану – күнделікті пайдалы әрі дәруменге толы тағамдарды аз-аздан және жиі жеу. Күніне сіз бес мезгіл тамақтанасыз. Және «менде диета» деп ағзаңызды қинап, күйзеліске салмайсыз. Біздің ағзамыз өте ақылды. Сіз «мен енді диета ұстаймын» деп миыңызға белгі берген сәттен бастап ағзаңыз болашақтың қамына кіріседі. Асқазан үрейдің кесірінен жұмыс жасамайды. Ал, сіздің бойыңыздағы барлық су, оттегі т.б.бәрінің майға айналады. Нәтижесінде қатаң диетаның кесірінен арықтамайсыз. Керісінше организм стресс алып, салмақ қосады.
Ал, дұрыс тамақтануды естіген кезде сіздің миыңыз да, ойыңыз да, асқазан да, басқа да ағзаларыңыз аш қалмасын біледі. Сондықтан, олар қызметтерін еш үрейсіз атқарып, майларды ыдыратып, келесі таза қорекке дайындалады.
Дұрыс тамақтану уақыты
Бұл бөлімге мұқият мән берген жөн. Көптеген қыз-келіншектер күніне бір мезгіл тамақтанады. Ол – қате. Күніне адам бес мезгіл тамақтану қажет. Тек әр уақыттың өлшемі мен шектеуі бар екенін ұмытпау керек.
Таңғы асты тастама
Таңғы аста береке мен ырыс бар. Тек таңғы аста емес, күн ұясынан енді шығатын уақытта нығмет көп. Дана халық күнмен жарысып ұйықтауды қолдамауының да сыры осында шығар. Таңертең күн шықпастан оянып, таңғы серуен жасаңыз. Міндетті түрде жүгіру немесе спорттық жаттығу жасау шарт емес. Ең бастысы, өзіңіздің ойыңызбен, ниетіңізбен оңаша қалыңыз. Өзіңізбен өзіңіз сырласыңыз. Жамандықты ойламаңыз. Абзалы түнгі ұйқыға кетер кезінде іштей барлық адамдардан кешірім сұрап, бәрін кешіріңіз. Таңертең ешкімге ешқандай өкпесі жоқ мидың да, жүректің де тынысы өзгеше болмақ. Далада жарты сағат еркін серуендеген соң жылы душ қабылдаңыз. Және айнаға қарап өзіңіздің сұлулығыңызға мақтау айттыңыз.
Көптеген толық әйелдердің басты уайымы артық салмақ екені анық. Күнделікті арықтау керекпін, толықпын, семізбін деп өздерін қинау арқылы көп энергия жұмсап, артық тамақтанғанын байқамай қалады. Сол себепті жақсы сөздер айтыңыз, еркелетіңіз. Махаббатқа бөленіп болған соң асүйге барыңыз. Тоңазытқышты ашқан кезде ойша барлық тамақты жек көру де қажет емес. Ең бастысы, «бұл тамақтар мені толық етпейді. Және мен қазір тойып тамақтанамын. Ал, асқазаныма тоқ болу үшін мына тәрелкеге салынған ас жетеді» деп ниет етіп, ағзаға сенімділік беріңіз.
Сонымен, таңғы асты реттеуге кірістік. Міндетті түрде таңғы ботқаны пісіріңіз. Проценті төмен сүтті таңдаңыз. Айтпақшы, күріш ботқасын әуелі суға қайнатып, үстіне сәл ғана сүт құйыңыз. Ал, тұз туралы ұмытыңыз. Бір тілім қара нан, ірімшік, сүт қолданыңыз. Бастысы, ірімшіктің ең төменгі пайыздық түрін алып қателікке жол бермеңіз. Ірімшіктің пайызы жоғары болса да, артық салмаққа еш қауіпті емес. Керісінше, төмен пайызы ағзаға қажетті дәрумендерді бермейді. Сондықтан жиі қарныңыз ашып, мазаңыз қашып, әлсіздік орнап, соңында қалай калориясы көп тамақты жеп отырғаныңызды байқамай да қаласыз.
Су
Артық салмақтан күрес жолында сантүрлі диетаны ұстап, талай мәрте тәттіден бас тартып, небір әдіс-тәсілді жасаған шығарсыз. Күніне екі литр су ішіп, тамақтан тыйып мәзсіз. Бірақ, әлі тіпті, 100 грамм да салмақ тастамадыңыз ба?!
Өйткені, сіз басты шартты ескермедіңіз. Суды ішудің өзіндік ерекшеліктері мен талаптары бар. Сіз судың есте сақтау қабылеті туралы естідіңіз бе?! Білмесеңіз, мұқият оқып, тәжірбиеде қолдануға кеңес береміз.
Иә, күнделікті өмірде ішіп жүрген судың да есте сақтау қабылеті бар. Мысалы, сіз жақындарыңызға өкпелісіз. Ашулы отырып бір кесе су іштіңіз. Ішіңіздегі өкпе-кекті кәдімгі ауызсудың өзі сақтап қалды. Осылайша ішкен суыңыз ағза тарап, қызмет атқармады. Денеңіздің бір бұрышына жиналып, майға айналды. Ал, енді керісінше, сіз бір кесе суды отырып, асықпай, жақсы ойларды ойлап ішсеңіз тез тарайды. Ағзаның барлық мүшелерінің қызметін қалыпқа келтіреді. Осылайша, денеге жиналған майларға да күш салу арқылы ыдыратады. Көрдіңіз бе, арықтау үшін судың емес, ой пен ниеттің маңызы зор. Сондықтан, күніне жиі-жиі су ішіңіз. Бірақ, суды отырып ішуді ұмытпаңыз. Және тамақтан 20 минут ерте және тамақтан соң 20 минуттан соң ішуге тырысыңыз.
Сүт қосылған қою қазақи шайды ұмытыңыз. Бұл толықтыққа ғана емес, қан қысымының ретсіз, жүрек қағысының әлсіз болуына әсер етпек. Иә,сізге ыстық палауды жеп, артынша ыстық шайды ұртаған ұнайтын шығар. Бірақ, асқазанға түскен ас ыстық сұйықтықтың кесірінен нығыздалады. Нәтижесінде, асқорыту мүшесі өз қызметін толық атқара алмайды. Сол себепті де, сұйықтықты: шай, су, сусындарды тамақпен араластырмаңыз. Керісінше, толық тамақтанып болған соң 20 минут серуен құрып, бой жазыңыз. Содан кейін ғана сұйықтыққа кезек беріңіз.
Жеміс-жидек, көкіністер
Дәруменге бай, пайдалы микроэлементтерге толы, асқорыту жүйелерін реттеуге қабылетті бұл өнімдерді жиі қолданған абзал. Әсіресе, түскі және кешкі асқа бір сағат уақыт қалған кезде жеміс-жидек жеу пайдалы. Сондай-ақ, жеміс-жидектерді басқа тағамдармен мүлдем араластырмаңыз. Алайда, көкіністердің арасында картоптан бас тартыңыз. Мүмкіндігінше аптасына бір рет қана картоп көкінісін қолдануға тырысыңыз.
Ет – етке, сорпа – бетке
Бірақ, бұл мақалдың дұрыс тамақтануға аса қатысы жоқ. Себебі, қазақтың бешбармағы сөзсіз салмақ қосып береді. Алайда, адам ағзасына етте ғана болатын дәрумендер өте қажет. Сондықтан, дұрыс тамақтану барысында жиі тауық еті мен майлы емес қойдың етін қолдануға кеңес береміз.
Балық пен теңіз өнімдері ақуызға толы, В дәруменімен толық қамтылған ең пайдалы тағамдардың бірі.
Ал, кешкі астан соң көк шай ішуді ұмытпаңыз. Бұл ішектерді тазалап, асқорыту жүйесін реттеуге көмектеседі.
Нан
Нанды мүлдем ас мәзірінен алып тастаған абзал. Орнына кептірілген немесе қақталған нанды қолдануға болады. Және таңғы ас кезінде бір тілім қара нан кешірімді.
Тағы бір ескерту: күрішпен қоштасыңыз, гречкамен достасыңыз. Дәл сол гречка сіздің гемоглабинді көтеріп, сергек жүруге себепші екен.
Тұз бен қантты ұмытыңыз
Ас дайындауда тұзды, шай ішуде қантты мүлдем қолданбаңыз. Тұзсыз тамақтың дәмі жоқ деп ойлау ақымақтық. Әрине, алғашқы кезде аңсайтыныңыз анық. Бірақ, небәрі 14 күннің ішінде тұздың дәмін ұмытасыз. Ал, тұз бен қанттан бас тарту тек артық салмақтан арылуға емес, қан айналымының дұрыс жұмыс жасауына да көмектеспек.
Сонымен, күн тәртібі бойынша дұрыс тамақтанудың бір нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.
Таңғы ас: суға дайындалған сұлы жармасы, бір дана алма, бір стақан сүт қосылған кофе немесе шай;
Екінші таңғы ас: бір стақан айран, екі дана шабдалы немесе басқа да жеміс;
Түскі ас: балық, көкіністен дайындалған салат, сорпа болмаса қандай да бір сұйық тағам;
Екінші түскі ас: үгітілген сәбіз пен қызанақ;
Кешкі ас: бұқтырылған тауық еті мен көкіністен жасалған салат:
Бұл тек мысал ғана. Ал, бес мезгілдің тамағын қалай реттесеңіз де өз еркіңіз. Бастысы, күніне 800 кк. асырып жіберуден абай болыңыз. Және кешкі асыңызды ұйқыдан үш-төрт сағат ерте жеуге тырысыңыз.