Көп адамның артық салмақ жинауы дұрыс тамақтанбаумен байланысты. Қолайлы уақытта қолайлы тағамды жей салады. Оның пайда-зияны туралы айтып жатудың өзі артық. Осы кемшілікпен күресу үшін сағаттық диетаның пайдасы зор. Әрине, ол үшін мақсатқа жетуге деген ниет пен жігер мол болуы керек. Диета 1-1,5 айға созылады. Әр бес күн сайын 3-4 келі салмақтан арылып отыруға болады. Ал келесі қалыпты тамақтану бескүндігіне өткен кезде қайтадан 1-2 келі қосылады. Осылай 6-8 килограмнан арылуға болады.
Диета қабылдайтын тағамдардың құнарлылығына не өлшеміне байланысты емес, жиіліне қатысты. Сағаттық диетада барлығы қатаң кестемен беріледі, біреуін ұмытып не шатастыратын болсаңыз, арықтау туралы ұмыта беріңіз.
Бұл тамақтану тәртібі зат алмасу үдерісін жақсартатындықтан бірнеше килограм артық салмақтан арылуға кепілдік береді.
Мәзір:
7:00 бір стақан шай.
9:00 үккіштен өткізілген сәбізге лимон сығындысын қосу.
11:00 алма (шабдалы, алмұрт, киви)
13:00 100 г қайнатылған ет, бір тілім нан (10 г).
15:00 1 жұмыртқа (100 г ірімшік әлде сүзбе)
17:00 көкөніс салаты (орамжапырақ, сәбіз, қызылша)
19:00 10 түйір суға шыланған кепкен жеміс (өрік, қараөрік).
21:00 1 стақан майсыз айран
Диета кезінде тағамдардың орнын ауыстыруға болмайды, тура жазылған кесте бойынша тамақтану керек. Бес күн диета ұстаған соң бір күн демаласыз, одан соң қайтадан бес күн жалғастырасыз. Диета ұстамаған бір күнде тәтті мен ұн тағамдарынан бас тартыңыз. Диета кезінде су мөлшеріне шектеу қойылмайды. Жақсы жетістікке жету үшін физикалық жаттығуларды да қатар алып жүріңіз.