- Негізгі бет
- Сымбат
- Арықтау: қарапайым қағидалар...
Арықтау: қарапайым қағидалар
Барлығы жеткілікті заманда көпшілік адамның ең үлкен мәселесі – артық салмақтан арылу. Бұл тым қиын емес. Әсіресе көкөніс пен жеміс-жидек көп жаз мезгілінде сымбатыңызды өзіңіз қалаған пішінге келтіріп алу өз қолыңызда. Ол үшін күнделікті өмірде мына ережелерді ескеріңіз.
Тек су ішу. Әркім өз салмағына қарай, күніне 2 литрден кем су ішпеуі керек. Мұны барлығымыз білеміз, көпшілігіміз ұстанамыз. Біроақ мұнда есте ұстайтын жағдай бар. Су деген – кез келген сұйықтық емес, қарапайым су. Газды сусын тұрмақ, тәтті шай, шырын секілді сусындардың өзі артық салмақ қосылуына сеп болады. Олардан бас тартпасаңыз күніне 2000 калория қайдан қосылып жатқанын өзіңіз де аңғармайсыз.
Таңертең және кешкілік мезгіл артық майды ыдыратуға қолайлы уақыт. Бұл сәтте сіз жүйкеңізді жұқартып жеке не қоғамдық көлікпен кептелісте тұрғанша, велосипед әлде жаяу жүруді таңдаңыз.
Дайын түскі астардан бас тартыңыз. Мүмкіндік болса, жұмысқа өзіңіз үйден дәруменге толы, пайдалы түскі ас дайындап апарыңыз. Сырттан тамақтану қажет жағдай туса, үйдегідей әзірлейтін асхана таңдауға тырысыңыз.
Өзіңізді еркелету – тез әзірленетін тағамды, түрлі тәттілерді сатып алу емес. Шоколад сатып алар жолды көкөніс сатар орынға барар жермен алмастырыңыз. Калориясы көп "Киндер" сыйлаған бақытты құндылығы аз апельсин мен алма да сыйлай алады.
Органикалық азық сатып алыңыз. Мұнда әңгіме сыртында "құрамында ГМО жоқ", "органикалық өнім" деген жазуы бар тағамдар жайында емес, кәдімгі өз өлкеңізде өсетін, табиғаттан таза жолмен алынатын тағамдар жайлы.
Жігер беретін мақсат қойыңыз. Егер 3-4 келі салмақ тастасаңыз, айналаңыздағылардың сізге деген ілтипаты да арта түседі, сенбесеңіз, тексеріп көріңіз.
@. @assel_assanova