Артық салмақтан арылудың түрлі тәсілі бар. Оның бірі денсаулыққа кері әсерін тигізсе, енді бірі оң нәтижесін береді. Арықтау үшін адамда, ең алдымен, мақсат болуы керек. Белгілі бір мақсат болған кезде ғана адам үлкен нәтижеге қол жеткізеді.
Тәніміз неге сұлу болуы керек?
1. Денсаулығыңыз мықты болсын. Майлы тері ағзада биологиялық заттарды өндіреді. Осының салдарынан адам қант диебетіне, онкологиялық және тері ауруларына шалдығады. Жүрегі ауырады. Мұнымен қатар, толық адамдардың қысымы жоғары болып, жүрегі мен буындары ауырады. Бұл – толық адамдар шалдығуы мүмкін аурулардың кейбіреуі ғана.
2. Жоғарыда жазылғандарды ескерсек, толық адамдардың өмір жасы қысқа болады.
3. Физикалық және психологиялық қиындықтар. Жүрегі қысылып, дұрыс тыныс алмайтындықтан, тез шаршайды. Нәтижесінде физикалық жаттығулар жасауға қиналады. Тершең келеді. Мысалы, толық адам жаяу тауға шыға алмайды. Бұдан өзге толық бойжеткендер жігіттерге қарағанда кәрі көрініп, тұрмысқа шықпай қалады.
Арыктаудын жолдары туралы мамандар айтып берсін
Арықтау туралы қай кезде ойланамыз? Салмағыңыз бойыңызға сәйкес келмей, артық салмақтан жүруге қиналып, тез шаршайтыныңызды байқасаңыз, денсаулығыңызға бей-жай қарамаңыз. Мұнымен қатар, денеңіздің массасының индексін анықтаңыз. Ол үшін төмендегідей есептеу жүргізіңіз.
Мысалы, бойыңыз - 172 см, салмағыңыз - 56 кг.
1,72 х 1,72 = 2,96
56 : 2,96 = 19 (жуықтап алғанда)
Ал нәтиже мынадай:
18,5 - 24,9 — дұрыс салмақ;
25.0 - 29,9 — семіре бастау;
30,0 - 34,9 – семіздіктің 1-деңгейі;
35,0 - 39,9 – семіздіктің 2-деңгейі;
40-тан жоғары - семіздіктің 3-деңгейі.
19 дұрыс салмақ болғандықтан, мұндайда күн тәртібіне өзгеріс енгізудің қажеті жоқ. Ал нәтиже басқаша болса, бірден арықтау жолын іздегеніңіз жөн.
Дұрыс тамақтану
Денеңізде артық майдың бар екенін байқасаңыз, тамақтану тәртібін де өзгертіңіз. Әдетте дұрыс тамақтану тәртібін белгілі бір уақытқа дейін ғана ұстанамыз. Шындығында ол салауатты өмір салтымыздың бір бөлшегіне айналуы тиіс.
Қатаң тәртіпті талап ететін диеталар бірден өз нәтижесін көрсетеді. Ол үшін диетолог мамандарға жолығып, күнделікті жейтін тағамдарды пайдаласымен алмастырғанымыз жөн. Диетолог мамандар ең бірінші кезекте тағамдардың калориясын азайтады. Салмақ тастау үшін калория мөлшерін қаншалықты азайту керектігін анықтау өте оңай. Ол үшін өзіңіз қалайтын салмақты жиырмаға көбейтіңіз. Мысалы, салмағыңыз 60 кг болғанын қаласаңыз, оны жиырмаға көбейтіңіз. Яғни күнделікті 1200 калориясы бар тағам жегеніңіз жөн.
Осы жерде алдыңызда екі таңдау тұрады. Ол артық салмақтан жылдам арылу немесе бірте-бірте арылу. Барлығы тек қалауыңызға байланысты.
Қандай тағамдарды жеуге болмайды?
- май (сары май, қойдың майы, балық майы);
- тәтті тағамдар;
- ұнды тағамдар;
- кептірілген өнімдер;
- қуырылған тағамдар;
- жаңғақ.
Қандай тағамдарды 2 есе азайтқан жөн?
- бұршақ тұқымдастар;
- картоп;
- макарон;
- табиғи жеміс шырындары.
Кейде фитнеске барып, қатаң тәртіпті талап ететін диеталардың түр-түрін ұстасақ та, арықтау қиынға соғады. Керісінше артық салмақ қосып алатын кездеріміз де жоқ емес. Сондықтан, ең бастысы, адамның қалауы мен ерік-жігерінің күштілігі екенін ұмытпаңыз. Іске сәт!