Жеңіл тамақ берілетін күндер (разгрузочные дни) — аздаған артық салмақ кезінде диетаға балама ретінде ұстанылады. Аптасына бір (максимум екі) рет күні бойы төмен калориялы жеңіл тамақтың бір түрін ғана жеу арқылы бірнеше килограмм артық салмақтан арылуға болады. Мұндай жолмен арықтау ұзаққа созылғанмен, денсаулығыңызға еш зияны тимейді және салмағыңыз тұрақты болып қалады.
Жеңіл тамақ берілетін күндердің адам ағзасына мынадай пайдасы бар:
– Ағзадан қоқыс (шлак) және зәр (токсин) бөлігін шығарады;
– Күнде қорытуды қажет ететін азық-түлік мөлшерінен ағзаны демалтады;
– Күнделікті тамақтану мәзірінің құрамын қайта ойлау. Егер ағзаны тазартып, аздап салмақ тастасаңыз, күнделікті мәзіріңізді өзгертуді ойлайтын боласыз;
– Ерік күшін жаттықтыру. Мысалы, тәттінің орнына пайдалы тағам жесеңіз, оның өзі бір жеңіс болып саналады. Сол секілді жалғастырып, өз ерік күшіңізді бағындыра білсеңіз, дұрыс тамақтануға қалай көшкеніңізді байқамай қаласыз;
– Артық салмақтан арыласыз.
Негізгі ережелері
Жеңіл тамақ берілетін күндердің алғашқы күні қиынға соғуы мүмкін. Себебі, ағза нақты тәуліктік калория алуға үйреніп қалған, ал сіз оны екі есеге (немесе төрт есе) қысқартып тастайсыз.
Сәтті бастама үшін өнімді дұрыс таңдай білумен қатар кей маңызды ережелерді де ескерген жөн. Оған мыналар жатады:
– Жеңіл тамақ берілетін күнді аптасына бір рет жасаңыз. Егер артық салмақ көп болса, екіге дейін ғана көтеруге болады;
– Жеңіл тамақ берілетін күндері физикалық жүктеме жасамауға тырысыңыз. Себебі ағза толықтай демалу қажет. Кей адамдар салмақтан жылдам арылу үшін осы күндері де фитнеске барады. Олай болмайды;
– Жейтін тамақтың көлемі туралы айту қиын. Себебі, ол адамның салмағына және тәуліктік энергия шығынына тікелей байланысты. Жалпы көкөністер мен жемістердің мөлшері 2 килограмнан, ал ақуызды тағам 700 грамнан аспауы керек;
– Жеңіл тамақ берілетін күндері суды көп мөлшерде ішіңіз. Судың көп мөлшерін түскі сағат 15:00-ге дейін ішкен жөн;
Жеңіл тамақ берілетін күннен соң, тамаққа қомағайлықпен қарамаңыз. Егер бір күн ағзаңызға аштық жариялап, келесі күні тамаққа тойып алсаңыз, ағза үйренісе алмай, денсаулығыңызға зиян келтіріп алуыңыз әбден мүмкін. Жеңіл тамақ берілетін күндердің кең тараған түрлеріне күні бойы тек айран, алма, қарақұмық жеу жатады.