Магги диетасы жұмыртқа диеталарының бір түріне жатады. Мұндай атауы бәрімізге таныс сорпаға арналған текшелерге негізделгендіктен емес, осы диета түрін ойлап тапқан адамның тегіне қойылған. Магги диетасы туралы интернет желісінде оң пікірлер көптеп кездеседі. Магги диетасының артықшылықтары мен кемшіліктері туралы алдыңғы материалдан оқи аласыздар.
Магги диетасының төртінші аптаға арналған ас мәзірі (Магги диетасы 4 аптаға созылады)
Дүйсенбі
Қайнаған тауық етінің 1/4 бөлігі (терісін алып тастаңыз) немесе 4 тілім (шамамен 200 гр) майсыз ет (қайнаған немесе қуырылған), 1 консервіленген тунец (майсыз), 4 қияр, 3-4 қызанақ, 1 грейпфрут немесе апельсин.
Сейсенбі
4 тілім (шамамен 200 гр) майсыз ет (қайнаған немесе қуырылған), 4 қияр, 3 қызанақ, 1 тост наны, 1 грейпфрут пен қауын бөлігі немесе 1 апельсин мен алма.
Сәрсенбі
1 ас қасық майсыз сүзбе, 200 гр майсыз ірімшік, қайнаған көкөністер (картоптан басқа), 1 тост наны, 2-3 қияр, 2 қызанақ, 1 грейпфрут немесе апельсин.
Бейсенбі
Қайнаған тауық етінің жартысы (терісін алып тастаңыз), 1 қияр, 3 қызанақ, 1 тост наны, 1 грейпфрут немесе апельсин.
Жұма
Суға піскен 2 жұмыртқа, 3 қызанақ, салат (қызанақ, қияр, сәбіз, бұрыш), 1 грейпфрут немесе апельсин.
Сенбі
Қайнаған тауықтың төс еті, 100 гр майсыз сүзбе, 2-3 қияр, 2 қызанақ, 1 тост наны, 1 стақан айран, 1 грейпфрут немесе апельсин.
Жексенбі
1 ас қасық майсыз сүзбе, 1 құты консервіленген тунец (майсыз), 2-3 қияр, 2 қызанақ, 1 тост наны, қайнаған көкөністер (картоптан басқа), 1 грейпфрут немесе апельсин.
Магги диетасының бірінші, екінші және үшінші аптасына арналған ас мәзірі.