Арықтататын Магги диетасының мәзірі. 3-апта

Магги диетасы жұмыртқа диеталарының бір түріне жатады. Мұндай атауы бәрімізге таныс сорпаға арналған текшелерге негізделгендіктен емес, осы диета түрін ойлап тапқан адамның тегіне қойылған. Магги диетасы туралы интернет желісінде оң пікірлер көптеп кездеседі. Магги диетасының артықшылықтары мен кемшіліктері туралы алдыңғы материалдан оқи аласыздар.

Магги диетасының үшінші аптаға арналған ас мәзірі (Магги диетасы 4 аптаға созылады)

Дүйсенбі

Күні бойы кез келген мөлшерде жеміс-жидек (банан, манго, жүзім, құрма және інжірден басқа) жеу.

Сейсенбі

Күні бойы кез келген мөлшерде шикі немесе қайнатылған көкөністер (картоптан басқа) жеу.

Сәрсенбі

Күні бойы кез келген мөлшерде жемістер (банан, манго, жүзім, құрма және інжірден басқа) мен көкөністер (картоптан басқа) жеу.

Бейсенбі

Күні бойы кез келген мөлшерде суға піскен балық (бұқтырылған да болады), көкөністі салат немесе орамжапырақ, қайнатылған көкөністер (картоптан басқа) жеу.

Жұма

Күні бойы кез келген мөлшерде қайнатылған (немесе қуырылған) майсыз ет (қой етінен басқа) немесе тауық еті, қайнатылған көкөністер (картоптан басқа) жеу.

Сенбі

Күні бойы кез келген мөлшерде жеміс-жидек (банан, манго, жүзім, құрма және інжірден басқа) жеу.

Жексенбі

Күні бойы кез келген мөлшерде жеміс-жидек (банан, манго, жүзім, құрма және інжірден басқа) жеу.

Магги диетасының бірінші және екінші аптаға арналған ас мәзірі.