Магги диетасы жұмыртқа диеталарының бір түріне жатады. Бұл атауы баршаға таныс сорпаға арналған текшелерге емес, осы диета түрін ойлап тапқан адамның тегіне қойылған. Магги диетасы туралы интернет желісінде оң пікірлер көптеп кездеседі.
Магги ақуызды диетасының ұзақтығы төрт аптаға созылады. Осы уақыт аралығында 10-20 килограмға дейін арықтауға болады. Оның ас үлесіне нақты мөлшерде ет, жемістер, көкөністер мен жұмыртқа кіреді. Магги диетасы ағза өздігінен және белсенді химиялық процестердің көмегімен майды кетіруге негізделген. Диетада ұсынылған азық-түлік тамақ жеген соң токсиндер мен майлы тіннің ажырауына әсер ететін химиялық реакция туғызады.
Магги диетасының артықшылықтары:
- Ол қатаң диетаға жатпайды және барлық жастағы адамдарға келе береді;
- Бұл диета нәтижесі тұрақты сақталады. Ол үшін күнделікті тұтынатын калория мөлшерін бірте-бірте көтеру керек. Сонда төрт апта өткен соң бірден салмақ қосып алмайсыз;
- Магги диетасы кезінде калория санаудың қажеті жоқ;
- Мәзірдегі тағамдар жеңіл дайындалады;
- Магги диетасы кезінде қосымша дәрумендер ішудің қажеті жоқ. Ағзаға қажетті барлық дәрумендер мәзірдегі тағамдардың құрамында бар.
Диетаның кемшіліктері:
- Бұл диетаның басты кемшілігі – міндетті түрде мәзір уақытын толық әрі нақты сақтау. Мұндай режим жұмыс істейтін немесе сабақ оқитын адамдарға ыңғайсыздық туғызуы мүмкін. Магги диетасының режимін дұрыс ұстамасаңыз, сіз ойлағандай нәтиже болмайды;
- Жұмыртқаны көп мөлшерде қолдану. Жұмыртқаға аллергиясы бар адамдарға бұл диета түрін ұстауға тыйым салынады.
Магги диетасының негізгі ережелері:
- Тамақтану режимін қатаң сақтау керек. Күнделікті мәзірді мүлдем өзгертуге болмайды. Бір азық-түлікті келесісімен немесе орындарын ауыстыруға тыйым салынады. Егер ұнамаса, бір азықты мәзірден алып тастауға болады, бірақ басқасымен ауыстыруға болмайды;
- Күніне 2 немесе 3 литр су ішу керек;
- Кез келген уақытта қантсыз шай немесе сүт ішуге рұқсат етілген;
- Көкөністерді ет сорпасына және майға пісіруге болмайды;
- Тұз, дәмдеуіш, пияз және сарымсақ қолдануға болады;
- Егер диета белгілі себеппен үзілсе немесе қателік жіберілсе, міндетті түрде оны басынан бастау қажет;
- Аздап болса да физикалық күш жұмсалуы ұсынылады.
Магги диетасының ас мәзірін келесі материалдан оқи аласыздар.