Арықтағысы келетіндерге кеңес

Арықтағысы келетіндерге кеңес

Көптеген адам өзіне қатал диета тағайындайды. Алайда диетаның көбі пайдасыз болып шығады. Неліктен? Себебі диетаны белгіленген мерзімі және нұсқауы бойынша ұстау өте қиын.

Мұндай қатал шарадан өзге қандай әдіспен арықтауға болады? Назарларыңызға 5 кеңес ұсынамыз:

1. Тамақтану алдында су ішу

Ғалымдардың пайымдауынша, тамақтану алдында 2 стақан су ішетін адамдар салмақтан тез арылады.

2. Жаңғақ жеу

Жаңғақ жесеңіз, біраз уақытқа өзіңізді тоқ сезінесіз. Жаңғақ қандағы қант құрамының көтеріліп кетпеуін бақылайды. Соның арқасында ағзаға май жиналмайды.

3. Тамаққа арналған ыдыс-аяқ

Жұмыс істейтін орныңызда тамаққа арналған ыдыс-аяқты жинамаңыз. Себебі оны көргенде аш болмасаңыз да, тамақтану жайлы ойланасыз.

4. Жұмыс/оқу алдында жаттығу

Күнімен жұмыс істеп, сабақ оқығаннан кейін жаттығу залына бару не далаға шығып жүгіру қиынға соғады. Соңдықтан жаттығуды таңертең өткізгеніңіз дұрыс. Бұл әдіс сіздің ұйқыңызды ашып, ағзаңызды белсенді етеді. 

5. Тамаққа бұрыш қосу

Тамаққа бір шай қасық қызыл бұрышын қоссаңыз, ағзадағы калория саны азаяды. Әсіресе майлы не тұзды тағамға бұрыш қосу керек.

Сәттілік!

Сурет: zhvachka-diet-gums.ru

Оқи отырыңыз:

Арықтауға көмектесетін диета

Арықтаудың қысқы ережелері

Сұлының көмегімен арықтайық

Мінсіз дене сымбатын жету үшін

Ф. Абилова