Көптің ойында жүретін сұрақтың бірі – денедегі түктен қалай арылуға болады? Мүмкін, сіз де осыған жауап іздеген боларсыз. Артық түктен арылу үшін оны қырып, жұлып, эпиляция да жасаған шығарсыз. Ал бұл процедураларды белгілі бір мерзімде үнемі қайталап тұру керек және олардың бәрі де айтарлықтай оңай, әрі «жағымды» іс емес. Ендеше не істеу керек?
Алдымен денедегі артық түктің неден пайда болғанына көз жеткізу керек. Оның себептері де әрқалай:
• гормондық өзгерістер;
• андрогендер (аталық жыныс гормоны) мөлшерінің артуы;
• бүйрек үсті безіндегі ісік;
• кушинг аурулары;
• инсулинге қарсылық, т.б.
Денеңізді түк басуының себебі осы аталғандардың бірі болса, онда міндетті түрде арнайы мамандарға қаралып, кеңестеріне құлақ түру керек. Ал егер аса қауіпті ештеңе болмаса, денедегі артық түктен арылудың дәстүрлі әдіс-тәсілдері де аз емес. Ешқандай эпиляция мен қырынуға жоламай-ақ, сол тәсілдердің бірін байқап көріңіз.
Жалбыз (мята)
Бұл өсімдік аталық жыныс гормондарының мөлшерін жақсы қадағалайды. Аздаған кептірілген жалбызды бір стакан суға салып қайнатыңыз. Қайнағанда оттан алып, 5 минуттан кейін сүзіп, күнделікті ішіп (1 стақан) тұру керек.
Райхан мен пияз қоспасы
Райханның 9-12 жас жапырағы мен 1 пияздан 3-4 сақиналап кесіп алып, оларды әбден езу керек. Дайын қоспаны түк мол шығатын жеріңізге май сияқты жағып қойыңыз. Бұл процедураны бір ай үзбей жасаңыз.
Куркума
3 ас қасық тәттілігі төмен йогурт, 2 ас қасық ұн мен 0,5 шай қасық куркума ұнтағын араластыру керек. Бұл қоспаны бірнеше ай бойы бетке жағатын болса, бет терісі жұмсақ, артық түксіз теп-тегіс болады.
Бал мен лимон шырыны
2 ас қасық ара балы мен 1 шай қасық лимон шырынын араластырыңыз. Денедегі түк көп жерге жағып, 15 минуттан кейін жылы сумен жуып тастау керек. Мұндай масканы аптасына екі рет қайталаған дұрыс.