- Негізгі бет
- Сымбат
- Артық салмақтан алыстататын...
Артық салмақтан алыстататын қағида
Ағзаның тамақты қабылдауы мидың қызметіне тікелей байланысты. Артық салмақтан арылу туралы ақпарат жадыңызда тұрса да, миыңыз бұл ақпаратты елемеуі мүмкін. Райымыздан қалай қайтсақ болады, өз-өзімізді қалай алдаймыз, өзімізді қалай мақтаймыз? Ол үшін мына кеңестерге құлақ түріңіз.
Музыканың даусы
Даусы қатты ойнап тұрған әуеннің даусы (88 децибел) санаға «тез тамақтану керек» деген ақпарат береді. Сол үшін сіз алдыңыздағы тамақты жылдам ішкіңіз келеді. Бұл әуеннің жұмыста не үйде жүріп жатқаны маңызды емес. Ирландиялық Ольстер университетінің зерттеушілер тамақты тыныш жерде ішуді ұсынады. Ән неғұрлым қатты шығып жатса, уақыт соғұрлым тез өтеді екен. Әсіресе, думанды кештерде байқауға болады. Сол уақыт аралығында не жегеніңізге есеп бере алмай қаласыз. Сол сбепті, сананы әуеннің даусына бағындырамаңыз.
Дүкен сөресі
Миннесот университетігің зерттеушілері тамақ ішпеген адам дүкеннен 30% артық азық-түлік сатып алатынын анықтаған. Олар бұл қателікке ұрынбас үшін дүкенге кірер алдында жүрек жалғап алу керек екенін айтады.
Жақсы сөз – жарым ырыс
Гарвард университеті мынадай зерттеу жүргізген екен: бір топ қонақ үй қызметкерлерінің «Сендердің жұмыстарың өте қауырт, физикалық тұрғыда салмақ тастауларың мүмкін» деген. Ал екінші топқа мұндай сөздер айтпаған. Бір айдан кейін зерттеудің нәтижесін біледі. Бірінші топтағы қызметшілер салмақ тастап, қан қысымын реттеген. Ал екінші топта ешқанда өзгеріс байқалмаған, кейбірі салмақ қосып алған. Үнемі қозғалыста жүрмін деп, өзіңізді сендіріңіз, 100 қадам жаяу жүргеніңізге қуаныңыз. Өз-өзіңізді мақтап жүрсеңіз, өз-өзіңізді сендіре алсаңыз, артық салмақтан арыла аласыз.
Иіс
Тамақтың иісі тоқ адамның да қарнын аштырады. Иісті байқаған бойда «Менің қарным ашып тұр ма, әлде миым алдап тұр ма?» деп өз-өзіңізден сұрап көріңіз. Егер бұл әдіс көмектеспесе, грейпфрут иіскеңіз. Грейпфрут ағзаға лептин гармонын береді. Лептин гармоны тез тойдыратын болған соң, ағзаңыз артық салмақтан алшақ болады.
Г. Берік