АҚШ-тағы Питтсбург университетінің мамандары жаңа зерттеу барысында адам компьютер немесе теледидар алдында отыратын уақытты едәуір қысқартса, денсаулығы да соншалықты жақсара түсетінін анықтады. Бұл сусамыр мен жүрек ауруының алдын алып, семіздікке де пайдалы екен.
Ғалымдар отырып жұмыс істейтін адамдарды сусамыр немесе семіздік сияқты аурулардан дене шынықтырудың (егер адам аптасына екі рет спорт залға барса, бұл ретте компьютер алдында көп отыратын болса) өзі қорғай алмайтынын айтады.
Америкалық мамандар теледидар қарауды жеңіл физикалық жүктемемен (мысалы үй жинау, басқа да шаруашылықтармен айналысу) ауыстыруды ұсынады. Кешкі уақыттарда компьютер алдында отырмай, серуендеуге шығуға кеңес береді.
Дереккөз: inform.kz