- Негізгі бет
- Сымбат
- Ароматерапия дегеніміз не?...
Ароматерапия дегеніміз не?
Көп адам ароматериапиямен емдеу әдісін адамның психологиялық күйіне, эмоциясына хош иістердің көмегімен әсер ету деп түсінеді. Бұл – қате. Эфир майлары ағзаға түскен соң мүшелеріміздің қызметін жақсартады.
Ауаға хош иісті себумен ғана шектелмей, хош иісті зат салынған ваннаға шомылу, компресс жасау, теріге дәрі-дәрмек жағуды қамтиды. Осылайша күйзелістен арылтады әрі тәнді емдейді.
Ароматерапияның емдік қасиеті сонау ерте замандарда белгілі болған. Хош иісті заттардың атауы көптеген медициналық трактаттардың ішінде кездеседі. Оны Ежелгі Мысыр халқы көп қолданған. Ніл өлкесінде майдың қалай дайындалатындығы бейнеленген фрескалар, ал пирамидалардың ішінен хош иісті сақтауға арналған сауыттар табылған. Мысырлықтар кифтерді, гректер мегалиондарды ішетін дәрі ретінде тұтынған. Мұнымен қатар, әтір, жақпа май ретінде де пайдаланған.
Ертеректе Еуропада Шығыстан әкелінетін хош иісті заттар жоғары бағаланған. Уақыт өте келе еуропалықтар оларды Шығыстан тасымалдауды қойып, XVI ғасырда гүлшетен, жалбыз, лаванда сынды өсімдіктерден хош иіс бөліп алуды үйренеді. Орта ғасырларда мұндай қоспаларды түрлі аурумен күресу үшін пайдаланған. Бұдан өзге хош иісті заттар өндірілетін аумақтарда тырысқақ, сүзек індеті болмайтындығы анықталған.
Жалғасы бар...
Оқи отырыңыз:
"Жаралы жүрек" синдромын уақыт қана емдей алады
Бет терісін ылғалдандыратын маскалар
Өзін-өзі күтетін қыздың 10 ережесі
Сурет: rudaki.ru
Қ. Бүйенбай