Араласқандылардыларға қатысты ауқымды зерттеулер жүрген жоқ. Жүре қалған жағдайда да нәтижесі қалың оқырманға белгісіз болып қала берді. Ондаған жыл бойы аталған тақырып аясында айтуға, зерттеу жүргізуге тыйым салынды. Десе де, дәл қазір генетика саласының дамуына байланысты жағдай өзгерді.
Ең алдымен, араласқандылар дегеніміздің кім екенін анықтап алайық. Әдетте, араласқандыларды «metis» деп атайды. Француз тілінен аударғанда «қоспа, араластыру» деген мағынаны білдіреді. Яғни, ататегі аралас адамды осылай атайды. Мұнымен қатар, еуропалық пен американдық үндістің баласын «мулат», ал қара нәсілді мен американдық үндістің баласын «самбо» дейді.
Алайда, біздің талқылайын деп отырған тақырыбымыз – олардың ерекше сұлулығы. Күнделікті тұрмыста бір рет болмасын араласқанды адамның сұлу екенін естіп, оларға таңырқаған боларсыз?
Софи Манасянның анасы - кәріс, әкесі - армян
Бұл шындығында солай ма?
Олардың арасында ұсқынсыздары да бар. Олардың өзімізге ұқсамайтын келбеті бізге таңсық болып келеді деп айтқанымыз жөн болар. Мұнымен қатар, сұлулық сөзінің астарында денсаулық пен мінсіз мүсін де бар. Ал, араласқанды жандар көп жағдайда бойшаң немесе қысқа бойлы болып келеді. Олардың басты белгілерінің бірі – үлкен басы мен кішкене ғана денесі. Және көп жағдайда салмақты мінез танытады. Көз түсінің түрлі, тістерінің жиі орналасуы да араласқандыларға тән.
Сұлуларына қарағанда ұсқынсыз араласқандылар жиі кездеседі. Бұдан өзге әркім сұлулық ұғымын түрліше түсінеді. Яғни, талғамға талас жоқ.
Марктың ата-анасы - орыс пен қазақ
Сонда нағыз сұлулықты қалай анықтаймыз? Қандай адам сұлу болуы мүмкін?
Бұл сұраққа жауап беру үшін ағзаның табиғи формысына назар аудару керек. Адам баласының табиғатта аман қалуы үшін жылдам жүгіріп, жүзіп, ағаштан-ағашқа секіріп, айналасындағының барлығын байқауы тиіс. Осылайша, сұлу адам ең мықты, жылдамдыққа ие, сабырлы индивид болып шыға келеді. Бұдан шығатын қорытынды артық салмағы бар адам жылдам жүгіре алмайды да, жануарларға жем болады. Оның түр-әлпеті барынша көркем болса да, сұлу адам деп айта алмаймыз.
Келесі бір мысал, адам қоршаған ортаның температурасына қарамастан, көп терлейді. Ал, табиғатта тершең адамды жануарлар бірден тауып алады. Дененің артық мөлшердегі ылғалдылығы түрлі инфекциялық ауруға шалдықтырады. Мұнымен қатар дененің тершеңдігі ағзада бір кінараттың бар екенін білдіреді. Бұл жағдайда да сұлу келбеттің ешқандай маңызы болмайды. Ең бастысы – өмірге деген икемділік пен денсаулық.
Алисаның бойында қазақ пен украйн қаны бар
Жануарлардан қорғану мен табиғатқа икемделудің сұлулыққа қандай қатысы бар? деп ойлауыңыз мүмкін. Біз үшін бір қарағанда қалыпты, дене бөліктері өзара тең, салмағы бойына сай, терісі нәзік адам сұлу болып көрінетіні анық. Мұның барлығынан шығатын қорытынды нағыз сұлулық деп оның биологиялық түрін айта аламыз. Ал, биологиялық сұлулық дегеніміз – ешқандай көмек құралдары жоқ жерде табиғатқа икемделу, жыртқыш жануарлардан қорғану.
Араласқандылардың сұлу болып туылатын кездері өте аз. Мысалы, қазақ пен орыс ұлттарының қосындысынан туылған араласқандылар екі ұлттың арасында да тартымды көрінбейді. Сондықтан араласқанды адамдардың келбетін бұрын-соңды көп көрмегендіктен, біз үшін бар болғаны ерекше көрінеді дегеніміз жөн.
Өзім тек сұлу араласқандыларды көретіндіктен, ғалымдардың жоғарыдағы зерттеуімен келісе қоймаймын. Сіздің ойыңызша, араласқандылар, расымен де, сұлу ма?
Сурет: news.nur.kz, comode.kz