Аппақ қыздарға арналған макияж сырлары

Кейде қыздардың терісі аппақ болатыны соншалық, беті тым бозарған болып көрінеді. Аппақ теріңізді дұрыс көрсету үшін, орынды макияж жасаңыз.

Реңк

Теріңіздің бозарғанын қалың қабат реңк беруші кремнің астында жасырмаңыз. Күңгірт түсті, сары түсті реңк беруші кремнен бас тартыңыз. Бетіңіздегі ұсақ кемшіліктерді праймер көмегімен жасырып, үстінен бет теріңіздің түсіне сәйкес реңк беруші крем жағыңыз. Оның майлы емес, жеңіл болғаны дұрыс.

Еңлік

Сіздің ақ бетіңіз үшін дұрыс жағылған еңлік бозарған беттен құтылудың бірден бір амалы. Ақшыл қызғылт не шабдалы түсті, жылтырсыз түрін таңдаған дұрыс.

Қабақ бояуы

Қабақ бояуын таңдағанда бетіңіздің түсін ескеруіңіз керек. Тым жарқын, қанық түсті бояу көзіңізде дұрыс көрінбейді. Ақшыл, ашық түстерді не суық түстерді таңдаңыз. Ақшыл сары, сұр, алқызыл, күлгін, қоңыр түстері сізге жараспақ.

Тушь

Әрине тушьты таңдау кірпігіңіздің ұзындығы мен қалындығы, көз пішініне байланысты. Алайда аппақ қыздарға кірпік ұзартатын қара тушь жарасуы тиіс. Түрлі түсті тушьты қолданбай-ақ қойыңыз. 

Далап

Бейтарап түсті далап не ерінге арналған жылтыр таңдаңыз. Мөлдір алқызыл, сарғыш түстер сізге жарасуы керек. Кешкі макияж үшін қара-қызыл, қоңыр түсті далапты қолданыңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: mail.ru