Цитрусты жемістердің ағзаға пайдасы аса мол екеніне ешкім күмән келтірмейді. Оның құрамындағы С дәрумені иммунитетті күшейтіп, әртүрлі аурулардың алдын алуға көмектеседі. Ал дәрігерлер апельсинді жаңа қырынан танытқанына көп уақыт болған жоқ. Мамандардың айтуынша, апельсинді ақуызды тағамдармен үйлестіріп жесе, майды ыдырататын гормондарды көбейтетінін дәлелдеді. Осы жайт хабарланғаннан кейін апельсинмен ұстайтын диеталар көптеп ұсынылды. Солардың ең тиімдісін сіз де байқап көріңіз.
Бұл үшкүндік диета қысқа мерзім ішінде 2-3 келі тастауға көмектеседі. Сонымен қатар артық сұйықтықтар ағзадан шығып, ішек жолдары тазарады. Осылайша диета ұстаған жан май қабаттарынан ғана емес, шлактардан тазарып, ісінуден арылады, өзін жеңіл сезінеді.
1-күн
Таңғы ас: ақ наннан жасалған тост, 100 гр. бидай жармасы және апельсин.
Түскі ас: Арқан балықтың (лосось) аздаған бөлігі, салат жапырағы, балыққа лимон сығындысын тамызыңыз, екі тілім нан.
Кешкі ас: қуырылған бауыр, қозықұйрық (шампиньон), қояншөп (спаржа). Десертке бір уыс малина, йогурт, апельсин.
2-күн
Таңғы ас: тост және сары май, шала пісірілген жұмыртқа, 100 мл. жаңа сығылған апельсин шырыны.
Түскі ас: аздап қайнатылған үрме бұршақ (фасоль), май жағылған тост, апельсин.
Кеші ас: қайнатылған ет тілімі, картоп езбесі, бұқтырылған кәді, сәбіз. Десерт – 1 стақан айран, 100 гр. ананас және апельсин.
3-күн
Таңғы ас: май жағылған нан және екі тілім ірімшік (сыр), бір тілім қауын не қияр.
Түскі ас: қайнатылған қызылшадан, сәбізден, аскөктен жасалған салат, сиыр еті, қайнатылған күріш. Десертке апельсин жеу.
Кешкі ас: қайнатылған тауық етінің бір тілімі, гарнирге – брюссель орамжапырағы мен брокколи. Тамақтан соң – апельсин.
Цитрусқа, апельсинге аллергиясы бар адамарға бұл диетаны ұстауға болмайтыны белгілі. Ал басқалры екі айда бір рет қана қайталап ұстауына болады.