Алқызыл түсті маникюр мәңгі классикаға айналған. Ол әдемі әрі нәзік көрінуімен қатар, тырнақты ұзартып көрсетеді. Алқызыл маникюрді түрлендіріп жасауға бірнеше идея ұсынамыз.
Алқызыл түсті маникюрдің негізгі артықшылығы — ол ақшыл сары секілді бейтарап түс. Алқызыл тырнақ табиғи вариант болғандықтан қандай түсті киім кисеңіз де ешқандай диссонанс (үйлесімсіздік) болмайды. Сонымен қатар нәзік алқызыл реңктер кез келген ұзындықтағы тырнақта үйлесімді көрінеді. Алқызыл маникюр жасаған кезде Барби стильдегі түс емес, жағымды алқызыл түс таңдаңыз.
Алқызыл түсті маникюрдегі ең сәтті үйлесімдер:
– Алқызыл және жалбыз түс;
– Алқызыл және алтын түс;
– Алқызыл және ақ;
– Алқызыл және сұр;
– Алқызыл және күміс түс;
– Алқызыл және ақшыл көк.