Ару өзгелерді елітіп әкететін хош иісті болуы тиіс. Бұл заңдылық көнеден келе жатыр. Ежелде әтір, дезодорант деген дүниелердің болмағаны рас. Тарихтағы әйел заты жағымды иісті табиғаттан алған. Қалай?
Клеопатра рецепті
Клеопатра патшайымның кеңесі қазіргі таңға дейін қолданылып келеді. Ол оғаш иісті жақтырмаған. Сол үшін тазалықты сақтап тұратын затты іздеп тапты. Хош иіс беретін тұнбаның құрамында цитрус пен даршын бар.
Құмырсқа қышқылы, шайыр мен тасбақа сауыты
Ежелгі әрі өте ерекше дезодорант. XVII ғасырдан бері біршама ел құмырсқа қышқылын қолданып келеді. Ежелгі гректер мен римдіктер жағымды иіс үшін хош иісті шайырды қолданған. Ал үгітілген тасбақа сауытынан, түйеқұс жұмыртқасының қабығынан және жыңғылдан терлеуден қорғайтын крем жасаған.
Алунит
Оңтүстік-Шығыс Азияда бұл кристтал таралған. Минералды тастың құрамында антисептикалық қасиетке ие алюминий-калий квасц бар. Бұрында тұрғындар терлеуден арылу және жараны емдеу үшін бұл тасты бзардан сатып алып жүрген.
Раушан майы
Аңызға сүйенсек, Үндістандағы шендінің бірі қызының ұзатылу тойына арнап ұлан асыр той жасаған екен. Ол сарай маңындағы су айдынының бетін раушан гүлінің күлтелерімен жауып тастауды бұйырған екен. Той қонақтар тарқап жатқанда, олар судан хош иісті байқайды. Осыдан кейін бүкіл әлем раушан гүлінің эфир майын нәзік жандылардың сұлулығы үшін қолданатын болған.
Шөп толы қап пен қайнатпалар
Ежелгі Римде шенді тұлғалар хош иісті шөптер мен гүлдер салынған кішкене қапшықты өзімен бірге алып жүрген. Оларға әсіресе, жалбыз, ақгүл (жасмин), лаванда гүлдері ұнаған. Ал тез әсер ететіні емен ағашы қабығының қайнатпасы екен.шығыс елдерінде де қалыңдық тойға дайындық кезінде хош иісті шөп тұнбасымен жуынған екен.
Сода дезодоранты
Қиын-қыстау кезде хош иісті гүлдер мен тұнбаларға өол жете бермеді. Сол кезде арулар тазалық үшін қарапайым ас содасын пайдаланған. Ол тек терлеуден қорғап қана қоймай, бактерияның да көзін жояды.
Нефертити құпиясы
Нефертити патшайым әр таң, күн сайын және жатар алдында күл мен хош иістен тұратын скраб қолданған. Май араласқан қызыл балшық ұнтағын дезодорант есебінде пайдаланған. Ал әтір үшін патшайым мойнына хош иісті гүлдерден әдемі алқа, моншақтар таққан.