Жұлдыздар күнделікті күрделі макияжды қолданатындықтан, арнайы күтім жасап тұру қажеттілігін түсінеді. Сол себепті сырт келбет күтімі жайлы жұлдыздардың кеңестерін назарларыңызға ұсынамыз:
Миранда Керр, топ-модель:
"Шашты нәрлендіру үшін кокос майын, ал шаю үшін алма сіркесін қолданамын. Ол шашты жылтыр ете түседі. Мен шашымды сіркемен шайып барып, кондиционер жағамын".
Адриана Лима, топ-модель:
"Бразилия әйелдері шаш күтімі жайлы жақсы біледі. Үздік маска – үгітілген авокадо мен бірнеше тамшы май. Бұл масканы шашыңызға жағып, 15-20 минутқа қалдырсаңыз, ылғалданып, жылтырай түседі".
Марина Линчук, топ-модель:
"Ылғалдандырушы иісмайлардың орнына табиғи майларды пайдаланамын. Ал кокос майымен бетімді косметикадан тазартамын".
Кейт Бланшетт, актриса:
"Зәйтүн мен макадамия майы тамаша құралдар. Душқа кірерде солардың бірін алып, денеңізге жағып, шайып жіберіңіз. Теріңіз жаңарып шыға келеді. Сонымен қатар үй скрабын жасап тұрамын, ол үшін грейпфрут шырыны мен теңіз тұзын араластырып, аталған екі майдың бірін қосамын".
Скарлетт Йоханссон, актриса:
"Мен біраз уақыт табиғи косметикаға зерттеу жүргіздім. Нәтижесінде алма сіркесінің тамаша сырларымен таныстым. Мүмкін, оны лосьон ретінде қолдану біреу үшін қорқынышты естілер, бірақ бетіңізде бөртпе болса, алма сіркесі жақсы ем болады. Мен алма сіркесін сумен 1:1 қатынасында араластырып, пайдаланамын. Бәрі теріңізге байланысты. Бұл ерітіндімен мақта арқылы бетімді сүртіп, бірнеше минуттан кейін салқын сумен жуамын".
Ники Метц, Jouer-дің макияж директоры:
"Бала кезімде анамның бір маңызды шара алдында бетіне, әсіресе көзінің айналасына жұмыртқаның ағын жағатынын жиі көретінмін. Ол әдетте, жұмыртқаны алып, ағын сарысынан ажыратып, көпіршігенше араластыратын. Оны бетіне жағып, 20 минутқа қалдырады. Содан соң жылы сумен жуып, бірден макияжға кірісетін. Қазір жұмыртқа ағының бетті тартып, әжімді жазатын қасиеті бар екенін түсінемін".
Кейт Мосс, топ-модель:
"Таңертең шаршаңқы, ісінген бетпен оянсам, табақты мұздай суға толтырып, қиярды кесіп қосып, көзімді жұмып, осы суға бетімді батырамын. Мұз бен қияр бетті тартып, жылтыр етіп, өзіңізді жақсы сезінуге көмектеседі".
Сурет: vk.com
Ұқсас жазбалар:
Шабдалы майының пайдасы #2
Жалбыздың сұлу болуға көмегі бар ма?
Авокадоның пайдасын білесіз бе?
Сырт келбетімізге күтім жасайық