"Әлем аруы-2015" титулын испан қызы Мирейя Лалагуна Ройо жеңіп алды.
Екінші орын Ресейдің намысын қорғаған София Никитчукке бұйырды, ал үшінші орынға Индонезиядан барған ару Аниндие Кусума Путри лайық деп танылды. ТОП-5 қатарына Ливан мен Ямайка арулары кірді.
Ал Қазақстанның намысын қорғаған Регина Вандышева үздік жиырма арудың қатарына кірді. Финал шоуы Қытайдың Санья қаласында өтті. Әлемнің 120 елінен барған қатысушылар финалға бір ай бойы дайындалды. "Әлем аруы" аясында дарындар конкурсы, үздік ТОП-модель конкурсы және спорт жарыстары өтті.
Дереккөз: tengrinews.kz