Кез келген ару мәңгі жас, сұлу болғысы келеді. Алайда уақыт бізге бағынышты емес. Сонда да, белгілі бір әдістер арқылы ажарымыздың жас қалпын ұзағырақ сақтауға болады. Назарларыңызға осы мақсатқа бағытталған маска түрлерін ұсынамыз:
1. Қырмызы маскасы
1 ас қасық сәби сеппесін қырмызы тұнбасымен қоюланғанша араластырыңыз. Масканы бетіңізге жағып, 15 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң дымқыл майлықпен сүртіп тастаңыз.
2. Бүлдірген немесе құлпынай маскасы
3-5 жидекті алып, ақырындап бетіңізге езіңіз. 5-10 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң жылы сумен жуып тастаңыз.
3. Шай маскасы
3 ас қасық көк шайды ұнтақтап, 2 шай қасық крахмал, 2 ас қасық айран мен жарты шай қасық зәйтүн майын қосып, жақсылап араластырыңыз. Қоспаны бетіңізге жағып, 10-15 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң жылы сумен бетіңізді тазалап, жуыңыз.
Көк шай қан тамырлары қабырғаларын қатайтса, зәйтүн майы бетіңізді жұмсартып, крахмал терідегі ұсақ тесіктерді тазартады.
4. Алоэ мен лимон маскасы
Жұмыртқаның ағын салқындатып алыңыз. Алоэ шырынының 1 ас қасығын жұмыртқаның ағы және лимон шырынымен араластырыңыз. Масканы бетіңізге жағыңыз. Құрғаған соң тағы бір қабат жағып, 15 минутқа қалдырыңыз. Жылы суға малынған мақтамен масканы сүртіп тастаңыз. Бетіңізді салқындау сумен жуыңыз.
Бұл маска бетіңізді ағартып, әжімдерді жазып, бетіңізді тегістейді.
5. Бал маскасы
Алоэның үлкендеу жапырағын ұнтақтаңыз. Оған 1 шай қасық бал мен 1 ас қасық сүт қосып, араластырыңыз. Бетіңізге жағып, 20 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң жылы сумен жуып тастаңыз.
6. Картоп езбесінен жасалатын маска
2 ас қасық картоп езбесін жылытып, бетіңізге жағыңыз. Құрамында май болмауы керек екенін ескеріңіз. 20 минуттан соң жылы сумен жуып тастаңыз.
7. Қыша маскасы
1 шай қасық құрғақ қышаны 2 шай қасық өсімдік майымен араластырыңыз. Қоспаны бетіңізге жағып, 5-6 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң жылы сумен жуып тастаңыз.
8. Сұлы қауызының маскасы
2 ас қасық сұлы қауызын жылы сүтке салып, жарты шай қасық балмен араластырыңыз. Бетіңізге жағып, 20 минутқа қалдырыңыз.
Аталған масканы жасап болған соң, бетіңізді ақжелкен қайнатпасымен шайып алыңыз. Сондай-ақ бұл қайнатпаны мұз қатырғыштарға құйып, мұздатқышқа салып қойыңыз. Күнде таңертең бетіңізді мұзбен сүртіп, сергітіп алыңыз.
Бет күтіміне уақыт бөлу керек екенін ұмытпағайсыз, арулар!
Сурет: ru.gde-fon.com
Оқи отырыңыз:
Бет тазалаудың кешкі ережелері
Қысқы бет күтімінің ерекшеліктері
Бетке үй жағдайында күтім жасап үйренейік
Бет күтіміне арналған кеңестер