Әдемі әрі жылтыр ағартылған шаш — сапалы күтімнің нәтижесі. Басқа жағдайда ағартылып, боялған шаш әдемі түсін жылдам жоғалтады, құрғақ және сынғыш бола түседі. Түссіздендірілген шаштың саулығы мен сұлулығын сақтап қалу үшін күнде жасалынатын істер қатарына қандай шаш күтім ережелерін қосу керегін қарастырайық.
Пигменті бар сусабын қолдану
Шашқа сапалы күтім жасау сусабыннан басталады. Сондықтан сыртының әдемілігіне қарап емес, құрамына қарай таңдап үйрену маңызды. Құрамында шаш реңкін ұстап тұратын арнайы пигменттері бар кәсіби құралдарға мән беріңіз. Әдетте, мұндай сусабындардың түсі күлгін болады: ол шаштың жағымсыз сарғаюын бейтараптандырады. Құрамында сульфат, никотин және спирті бар сусабындардан бас тартыңыз: олар шаштағы бояуды жылдам кетіреді және шашты сынғыш етеді.
Түссізденген шашқа арналған арнайы бальзам қолдану
Сусабынға қарағанда бальзамды шаштың барлық ұзындығына жағу керек. Сапалы құрал шаш ұштарын зақымнан қорғап қана қоймай, шашқа күтімді түр сыйлайды және оны тегістейді. Сусабын мен бальзамның бір фирмадан болғаны жақсы. Сол кезде құралдар тиімдірек жұмыс істейді.
Жүйелі түрде шашқа арналған маска қолдану
Шашты ылғалдандыру үшін аптасына 1-2 рет ағартылған шашқа арналған арнайы маска жасап тұрған жөн. Олардың құрамында да шашты түс жоғалтудан қорғайтын пигментті заттары болады. Масканы бас терісіне жағуға болмайды. Оны шаш түбінен бірнеше сантиметр төменнен бастап жағыңыз.
Қосымша күтім ретінде майлар қолдану
Құрамында шаш өсуіне ықпал ететін және шаш саулығына қажетті дәрумендер, минералдар және аминқышқылдары бар майларға мән беріңіз. Майды алдымен алақанға тамызып, содан соң шаш ұзындығына жағыңыз. Әсіресе, оны шаш ұштарына жағу ұсынылады.
Шаш үлгісін жасарда термоқорғаныш қолдану
Шашты қатты қыздырмауға тырысыңыз. Себебі ол шашты сынғыш етеді және оның түсін өзгертеді. Сондықтан да шаш үлгісін жасарда алдымен термоқорғаныш қолданған жөн. Ол спрей, гель немесе сүтті құрал түрінде болуы мүмкін. Түссіздендірілген шаш үшін құрамында пантенол, эфир майлары, жібек протеиндері бар термоқорғаныш құрал алуға болады. Сапалы термоқорғаныш өзінен соң қабыршақ немесе майлы із қалдырмау керек.
Арасында реңкті құралдар қолдану
Ағартудан кейін шашты тонерлеу — әдемі шаш түсін ұзаққа сақтаудың қарапайым әдісі. Егер пайда болған жағымсыз реңктен арылғыңыз келсе, арнайы тонерлейтін құрал қолданыңыз.
Бас терісіне скраб қолдану
Қанағымды күшейту үшін және шаш түптерін қоректендіру үшін бас терісіне скраб қолданып тұру керек. Оны аптасына бір-ақ рет қолдану ұсынылады.