- Негізгі бет
- Сымбат
- "Әдемі аяқ" қандай...
"Әдемі аяқ" қандай болуы керек?
Әйелдің аяғының әдемі екендігін қалай аңғаруға болады? Әйелдердің сымбатты аяқтарымен "бас қатыратындардың" көп екені рас. Бұл мәселе мүсіншілер мен суретшілерді және сұлу әйелдің сымбатын суреттеп жазатын жазушы мен ақынды да ойландырған. Расында, біз осы әйел адамның аяқтарының әдемі екендігін немесе керісінше екендігін қалай анықтаймыз?
Жер бетіндегі нәзік жандылардың бәрінің аяқтарының әдемі болуы мүмкін емес. Қытайларда бір кездері әйел адамдардың аяғының лотос гүлі тәріздес болуы міндеттелген еді. Бұл дәстүр Қытайда 1950 жылы коммунистер бас көтеріп қарсылық танытқанша 1000 жылдай уақыт бойы салтанат құрды. Олардың әйелдері 4 жасынан 12 жасына дейін аяқтарын шұлықпен орай бастады. Аяқты орау тек байларда ғана емес, кедейлерге де әдетке айнала бастады. Олар осылай аяқтарын ұзын етіп көрсеткісі келді.
Еуропалықтар XVIII ғасырдан бастап кішкентай аяқтарды сүйкімді санаған. Аяқтарын ұзын етіп көрсеткісі келетіндер тізеге дейін шұлықтар киіп, өкшелі аяқ киімдерге құмартқан.
Бұл уақытта Жапония халқы да кішкентай аяқтыларға оң көзбен қарап жүрген еді.
Әлемдегі аяғы ұзын әйелдер қара нәсілділердің тобынан табылады. Олардың аяқтарының ұзындығы еуропалық әйел адамдармен салыстырғанда 3-4 см-ге биік болады.
Солтүстік жақтың әйелдерінің аяқтары да ұзынырақ. Бірақ олар әдемілік жөнінен африкалық әйелдердің аяқтарынан артта қалып қояды. Ал Жерорта теңізі жерінің әйелдерінің аяқтары ұзын емес. Әйткенмен олардың бұлшық еттері баршылық. Азиялық аруларды аяқ тақырыбына келгенде мақтаудың түкке де керегі жоқ. Оларда аяқтың қысқа болуы – ерекше белгісі болып есептеледі.
Бұл – жалпы алғанда... Әйткенмен барлық жерде ерекшеліктің болуы шарт. Әсіресе бүгінгі дамыған технология мен "жылтыр" мәдениеттің заманында оның керегі көп.
Ғалымдар ұзын аяқтардың иелері көбіне қиялшыл, армандауды ұнататын әйелдер дейді және ұзын аяқ нәзік әйелдерде кездесетіндігін дәлелдеп отыр. Ал олардың қысқа аяқты құрбыларының мінезі мен өмірге деген көзқарасы басқаша. Көбіне қысқа аяқтылар бәріне күмәнмен қарайды және олар өмірдің жарқын емес, қараңғы тұстарын көреді.
Әйткенмен, ұзын аяқты арулар күнделікті өмірде кездесетін қарапайым мәселелерді шешуге келгенде әлсіздік танытады. Ал мұндай кезде олардың қысқа аяқты құрбылары қарапайым тұрмақ, басқа да күрделі қиындықтар мен мәселелерді шетінен шешіп, оларды жаңғақша шағып отырады.
Ұзын аяқты нәзік жандылардың өзіндік қатаң талаптары болады. Қысқа аяқты ханымдар көбіне шыншыл және турашыл келеді. Егер олар бір нәрсені үйренуге қызығушылық таныта қалса, онда өздерінің бағыттарын тез өзгерте алады. Сөйтеді де, өзгенің ойына және пікіріне бейімделіп, қосыла кетеді. Оларды бетінен қайтару оңай.
Сонымен, мамандар «әдемі аяқтардың» 13 белгісін айтқысы келеді (суретке қараңыз):
- Қалыпты жағдайда алдыңғы бүгілетін бөлік («қасбет») сәбидің бетіндей ғана шағын болуы керек.
- Бүгілетін бөліктен кейінгі жер тобық секілді жіңішке болуы керек.
- Төменгі толарсақ та жіңішкелеу болуы керек. Бірақ тым арық болғаны дұрыс емес.
- Бүгілетін бөліктің жоғарғы жағында ешқандай кемшілік болмауы керек.
- Тізенің ішкі яғни артқы жағы тереңдеу болуы керек. Мұны мамандар әйел денесінің ең көркем жері деп санайды.
- Балтырдың бұлшық еті тым жалпақ болмауы керек. Егер солай болса онда ол аяқтың пішімін бұзады.
- Балтырдың бұлшық етінен кейінгі тобықтың артқы үстіңгі бөлігі жіңішке болғаны дұрыс. Әйткенмен ол екі жақтан да тең бітісуі керек. Өйткені аяқтың дәл осы бөлігі оның түзу не түзу еместігінен сыр береді.
- Табан домалақ болуы керек.
- Жамбас үстінен төменге қарай жіңішкеленуі керек.
- Жамбастың ең үлкен бөлігі – жоғарғы үшеудің алғашқысы.
- Жамбастың пішіні алдыға қарай аз ғана шығыңқы болу керек. Сонымен қатар, бүгілетін тұсқа тереңдегені дұрыс.
- Тізе аяқтың жоғарғы және төменгі жағынан ерекшеленіп бөлектеу тұруы керек. Яғни тізе екі жақты байланыстырып тұруы керек.
- Әдемі аяқтың башпайлары иілгіш, нәзік және жіңішке болуы керек. Сонымен қатар башпайлар бір-біріне кедергі келтірмей өз орнымен жатуы және аяқ киім кигенде кедергі келтірмеуі керек.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: five.kz
А. Әбілхан