Адамның шашы аса нәзік, сезімтал болып келеді. Экологиялық жағдай мен психологиялық күйіміз оған тікелей әсер етеді. Бүгін назарларыңызға шаш туралы бірнеше қызықты дерек ұсынамыз.
1. Бір шаршы сантиметрде шамамен 250-300 шаш өседі.
2. Адамның көңіл-күйі шашына әсер етеді. Егер көңіліңіз жайдары болса, эндорфин гормоны бөлінеді. Ал күйзеліс шашты сынғыш етіп, тез ұшталуына септігін тигізеді.
3. Қайызғаққа қарсы сусабынмен үнемі шаш жууға болмайды. Себебі ағза шашты өздігінен емдемеуге дағдыланып қалады. Нәтижесінде басқа сусабынға ауысқаныңызда шашыңызға қайызғақ қаптап кетеді.
4. Ең көп шашы бар адамдар – сары шаштылар екен. Олардың басында шамамен 150 000 шаш болса, қара шаштыларда – 100 000, ал сарғылт шаштыларда – 80 000 тал шаш болады екен.
5. Қара нәсілді адамдардың шашы ақ нәсілділерге қарағанда үш есе қалың болады.
6. Шаштың «өмір сүру мерзімі» әртүрлі: ерлерде орта есеппен 2 жыл болса, әйелдерде 4-5 жыл.
7. Шашымыз үш түрлі фазада «өмір сүреді»: анаген – 2-5 жыл бойы өсу барысы, телоген – 3-4 ай тынымдық фазасы: бұл кезеңде шаш өспейді, катаген фазасы – 2 апта шамасындағы өтпелі кезең. Әдетте шаштың 80-90 пайызы өсу кезеңінде, 10-15 пайызы тынымдық фазасында болса, 1-2 пайызы «өліп», түсіп қалады.
8. Шаштың түсі өзгеруі мүмкін. Жылдар өте келе генетикалық бағдарламамыз шаштың түсін қара не сары етіп өзгертеді. Егер тік келетін шаш кенеттен толқынды немесе бұйра болып кетсе, ол – шаштың әлсірегенінің белгісі.
9. Шаштың құрамында 97 пайыз ағуыз бен 3 пайыз су бар.
10. Әйел адамда орташа есеппен 200 000 шаш болады. Ол 20 тонна салмаққа дейін көтере алады. Сол себепті бұрынырақта шаштан арқан жасап, ауыр жүктерді көтеріп, таситын болған.
11. Шаштың мықтылығы алюминиймен тең. Бір тал шаштың 100-200 гр салмақты көтере алатын шамасы бар.
12. Әлемде шаштың түсуін емдейтін 300 000 құрал бар. Бұл қандай да бір ауруды емдейтін дәріден де көп.
13. Адам терісінің 90 пайызында шаш өседі. Тек алақан мен табанда ғана өспейді.