- Негізгі бет
- Сымбат
- Адам туылғанда денесінде...
Адам туылғанда денесінде бірде-бір қал болмайды
Сіз қалдың не нәрсе екендігі туралы ойланып көрдіңіз бе? Бұл дақ жалпы нені білдіреді? Аталған косметикалық түйін тағдырымызда үлкен рөл атқарады.
Оның пайда болу себебі не? Адам баласы туылған кезде денесінде ешқандай қал болмайды. Оның барлығы да жүре пайда болады. Біреулердің денесі қалға толы болса, екіншілерінде ол мүлдем аз. Адамның денесінде ең алғашқы қал балалық шағында пайда болады. Олардың көзге көрінбейтіндігі соншалық, баланың ата-аналары аса мән бермейді. Ал өтпелі кезеңге келген кезде олар үлкейіп, саны да көбейе бастайды. Оның басты себебі жыныстық жетілу кезіндегі гормондар болып табылады. Қартайған шақта қалдың пайда болуы адамға ультракүлгін сәулелердің әсерінен, ағзадағы зат алмасудың дұрыс жүзеге аспауымен түсіндіріледі. Бүгіндері әлем ғалымдары осы мәселеге байланысты ауқымды зерттеулер жүргізуде.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: rudaki.ru
Қ. Бүйенбай