Lefaso өнімдерінің экспорты 90 миллиард долларға жетті

Lefaso өнімдерінің экспорты 90 миллиард долларға жетті

2013 жылы Вьетнамның аяқ киім және сумка экспорты 90 миллиард АҚШ долларына жетті. Бұл саладағы әлемге әйгілі Lefaso компаниясы 2012 жылы бүкіл сала бойынша 87 миллиард 640 мың АҚШ долларын құраған экспортты жүзеге асырды. Бұл алдыңғы жылға қарағанда, 12%-ға артқан. Мұның ішінде тек қол сөмке мен тері шабаданның өзі 15 миллиард 180 миллионды құраса, аяқ киім өндірісі 72 миллиардтан асқан.


Қазір әлемдегі барлық компаниялар сауда және өнім тапсырысынан қиналып жатқан болса да, Lefaso 2013 жылғы өндірісін 97 миллиардқа көтеруді көздеп отыр. Бұл әсте көзсіз жоспар емес. Тұтынушылардың осы маркаға деген сұранысының артуынан туындап отыр. Осы жылы аяқ киім өндірісін 80 миллиард АҚШ долларына көтеру бұл компанияға аса қиынға соқпаса керек.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: Lefaso.net

Қ. Қауымбек