Estée Lauder косметикалық бренді Жаңа Жыл мейрамына арнап опаның мерекелік түрін шығарды. Әр шоқжұлдызға түрлі қорапшалардағы опалар, олардың ойынша керемет сыйлық болмақ.
Астрология қашанда актуалды мәселе екенін ұйғарған олар, "Шоқжұлдыздар" топтамасын ойлап тапты. Құрамы бірдей опалардың, тек сыртқы қорапшалары түрлі, әр шоқжұлдызға өзіне тән стильде жасалған. 12 түрлі опалардың қорапшалары заманауи дизайн бойынша, сырты алтынмен жалатылып, Swarovski кристаллдарының көздері орнатылған.
Айта кетсек, сонымен қатар Estée Lauder компаниясы келе жатқан Жылан жылына байланысты шығыс күнтізбесі стилінде де косметика дайындауда.
Мерекелік топтама дүкендерге шыға бастапты. "Шоқжұлдыздың" бағасы - 70 доллар.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: kosmetista.ru