Baby-hair шаш үлгісі 2021 жылдың барлық қызыл кілемдерінен көрінді. Канн және Венециан кинофестивалі, Met Gala шарасы және «Эмми» премиясында атақты жұлдыздар балапан шаштарын бұйралап, маңдайға әдемі етіп жабыстырып келді. Бұл әдемі әрі ерекше шаш үлгісін үйде қалай қайталауға болатынын ұсынамыз.
Өткен ғасырдың сәнқойлары самай тұсындағы шаштарға түрлі бұйра салып, оларды бетке қою арқылы және дөңгелектер етіп безендіру арқылы шаш үлгілерін жасаған. Ал 70-жылдары baby-hair шаш үлгісі американдық әнші Ла Тойи Джексонның арқасында қайта сәнге оралды. Қазір бұл шаш үлгісін әлем бойынша көптеген жұлдыздардан және подиум модельдерінен байқауға болады.
Baby-hair шаш үлгісі бәріне жарасады. Бастысы, бет типіне қарай шаш үлгінің негізін дұрыс таңдау керек.
Оны үйде жасау оңай. Оған арнайы құралдар қажет емес. Бұл шаш үлгісін жасауға шашқа арналған гель мен тістері өте жіңішке әрі жақын орналасқан тарақ қана керек. Baby-hair шаш үлгісін басқа кез келген шаш үлгімен үйлестіруге болады. Мысалы, шашты төменнен бууға, өруге, түюге болады немесе оны жинамай-ақ бос жіберіңіз. Маңдайды безендіретін шашты бөліп алуға немесе балапан шаштарды пайдалануға болады. Ал қалған шашты өзіңізге ұнайтындай етіп жинап тастаңыз. Бөліп алған шашқа немесе балапан шашқа гель жағып, щеткамен (арнайы тістері ұсақ тарақ болмаса, қасқа арналған тарақ немесе тіс щеткасын қолдануға болады) тараңыз. Шашқа щетканың және қолдың көмегімен пішін беру арқылы оларды маңдайға немесе бетке жабыстырыңыз.