BB-кремдермен достасып үлгергенше, CC-құралдар пайда болды. Біз оларды салыстырып, алфавиттік айырмашылықтарын ұғынып көрдік.
Beauty-әліппе
Өткен жылы көптеген beauty-маркалар BB және СС-кремдерінің нұсқаларын ұсынды. Олардың қандай айырмашылығы бар? BB аббревиатурасын Blemish Balm cream немесе Blemish Base cream (терінің кемшілігін жасыратын құрал) деп түсінуге болады. Басқалай нақты түсіндірмесі жоқ. CC қысқартылуының артында Color Control, немесе Color Correcting түсінігі жатыр, яғни түсті коррекциялау немесе бақылау деп түсініңіз.
Екі жақ
ВВ-кремдер көптеген қасиеттерді бойына сіңірген. Олар теріні ылғалдандыруға, беті мен реңін тегістеуге, кемшіліктерді жасыруға, қабынуды емдеуге бейім. СС-құралдардың міндетіне реңін ретке келтірумен қатар, қызаруды, пигментті дақтар мен көз астындағы қараюды жасыру кіреді. Екі өкілдің де күннен қорғайтын факторы жоғары: теріні А және Б типтегі сәулелерден қорғайды. Мұндай сенімді тірекпен күннен қорғайтын қосымша құралдарды пайдаланбауға да болады. Текстурасы жағынан СС-кремдер әлдеқайда жеңіл. Оларды теріге жағу оңай, ВВ-кремдер қалың жағылады. Реңктерге келер болсақ, CC-кремдерде BB-кремдер сияқты 2-4 түс ұсынылған.
Біз мұнда CC- және BB-кремдердің ерекшеліктерін саралап жатқанда, ғалымдар DD-кремді ойлап шығарды. Бұл Dynamic Do-all деп түсіндіріледі, яғни бәрін жасай алатын крем.
Көптеген қыздар ылғалдандыру кезеңін елемей, BB-кремді таза теріге жағады. Әрине, BB-кремдер құрамындағы ылғалдандыратын және күтіп-баптайтын компоненттердің артықшылығы болғанымен, негізгі күтім жасайтын құралға жетпейді. СС-кремді макияж астына жағылатын негіз ретінде және әдеттегі тоналды креммен араластырып жағуға болады. Мұндай әдіс майлы және біріктірілген тері типтеріне жарайды. Егер тері құрғақ және жарылғыш болса, онда СС-кремді күндізгі ылғалдандырғыш құралмен араластырып жағуға болады.
Сурет: ellegirl.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
Оқи отырыңыз:
BB-крем не реңк беруші крем: Қайсысын таңдаймын?
СС крем деген не?
ВВ крем деген не?