- Негізгі бет
- Сымбат
- Денедегі жағымсыз иістен...
Денедегі жағымсыз иістен қалай арыламыз? Жапондардан үйренейік
Жапондардың күтім жасауына басқа халықтар қызыға қарайды. Оған қоса, жақсы косметикалық құралдар, озық технологиялар және сұлулық рецептілері жапондардан шығады.
Жапондар өз мәдениетін және дәстүрлерін сақтайды. "Sume-hara" немесе "smell harassment" түсінігін жапондар шығарған. Ол "өз иісіңмен басқаларға жағымсыздық сыйлау" дегенді білдіреді. Ол жақта дүкендерде иіс қарқындылығын өлшейтін электронды құрылғы да сатылады екен.
Woman.ru қосымша хош иісті құралдарды қолданбай-ақ, табиғи иісті сақтауға және жағымсыз иістен арылуға көмектесетін жапондардың 5 ережесін ұсынды.
Азық-түлікті дұрыс таңдау
Ауыздан шығатын иіске тамақтану тікелей әсер ететіні белгілі. Жапондар еттен жасалған тағамдар тердің иісінің қатты шығуына әсер ететінін байқаған. Сондықтан әйелдер оны аз жеуге тырысады.
Жемістер мен көкөністер, қызыл балық, теңіз өнімдері және шөптік шайлар - бұл ел тұрғындары рационының негізі. Сондай-ақ олар рационда сүтті өнімдер мөлшерін азайтуға тырысады.
Жүйелі түрде тіс жуу
Біз тісімізді күніне екі рет жуамыз, ал жапондар тісін әр тамақ жегеннен кейін тазалайды. Олардың көпшілігі өздерімен бірге щеткаларын алып жүреді.
Ауызды шаю
Үйге келген кезде жапондар тек қолдарын жуып қана қоймайды, сондай-ақ ауыздарын сергіткіш құралмен шаяды. Олар бұл ритуалды тамақтан кейін де, сыртқа шығарда да жасайды.
Қарама-қарсы душ немесе босаңсытушы ванна қабылдау
Қарама-қарсы душ немесе босаңсытушы ванна қабылдау тер бөлінуінің азаюына ықпал етеді. Сондай-ақ олар аптасына бір рет моншаға барып тұруға тырысады.
Косметика
Жапония барлық мүмкін косметикалық және күтім құралдарын шығарумен танымал. Мысалы, олардан колготки сыртынан жағатын аяққа арналған дезодоранттар, құрғататын спрейлер, терідегі ылғалды кетіретін кремдер кездестіруге болады.
Жапондардың әтірі біздің парфюмдерге ұқсамайды. Олар қатты сезілмейтін хош иістерді ұнатады. Олардың дүкендерінде капсула немесе таблетка түріндегі әтірлер де сатылады. Оларды ішкеннен кейін хош иіс тері арқылы бөлінеді.
А. Жапатова