Жазғы мейкап мұқият дайындық пен толық косметикалық құралды қажет етпейді. Тушьпен бір-екі қарыштау, аздап еңлік және сәнді бейне дайын!
Негіз: Заманауи кремдер – нағыз табыс, ылғалдандырады, күннен қорғайды және майлы жылтыраудың алдын алады. Кремді жағып, ол сіңгенше бірнеше минут күт те, макияжға кіріс.
Маскировка: Көз астындағы қара дақты жасыру үшін немесе беттің сәнін кетіріп тұрған безеуді тері реңкінен бір реңкке ашық корректорды пайдалансаң болады. Үстінен опа жағып қоюға болады. Жалпы жаз мезгілінде үгітілген опаны пайдаланған дұрыс: ол өте жұқа болып жағылады және тығыз опаға тамаша балама бола алады.
Түс: Көзқарасты айқындату үшін міндетті түрде тушь пайдаланған жөн, өңіңе қан жүгірту үшін еңлікті пайдалан, оны бояу жаққышпен немесе сауқсақтарыңмен жақсаң болады және ерін далабының орнына ерін жылтырағын таңдаған дұрыс.
Ылғалдандырушы крем Корректор Alliance Perfect,
Dramatically Different, Clinique LOreal Paris
Үгітілген опа Star Powder, Кірпікке арналған тушь Clump Defy,
Make Up Forever Max Factor
Еңлік Velvet Blush, Divage Ерінге арналған жылтырақ
Shine Sublime, Victoria Shu
Сурет: ellegirl.ru, Камзин студио
Дайындаған: Анар Мұстафина