Қара нүктелерден құтылудың жолы

Көптеген қыздар беттегі, мұрындағы қара нүктелерден құтылудың жолдарын білгісі келеді. Сол себепті назарларыңызға 4 маска түрін ұсынамыз.

Ашытқы маскасы

Ашытқыны 3 пайыздық сутек тотығымен араластырыңыз. Қоспаны маңдай мен мұрынға жағып, 10 минуттан кейін жуып тастаңыз. Содан соң мұзбен сүртіп, құрғатыңыз. Міндетті түрде нәрлендіруші иісмай жағыңыз.

Сұлы маскасы

1 ас қасық сұлы қауызын ұнтақтап, сода (пышақтың ұшындай), 2-3 тамшы бор қышқылы мен кішкене айран қосып, араластырыңыз. Қоспаңыз қаймақ тектес болуы керек. Қара нүктелер бар жерлерге жағып, 15 минуттан кейін жуып тастаңыз.

Балдыр

Балдырды 3 пайыздық тотықпен араластырып, ботқа тектес қоспа дайындаңыз. Бетке жағып, 10 минуттан соң жылы сумен жуыңыз. Кұрғаған соң нәрлендіруші иісмай жаққан жөн. Бұл масканы тітіркенбеген теріге ғана пайдалануға болады.

Ағуыз, лимон мен алоэ

Жұмыртқаның ағына 1 шай қасық лимон мен алоэ шырынын қосыңыз. Қоспаны маңдай мен мұрынға жағып, 15 минуттан кейін жуып тастаңыз.