«3-2-1» диетасын уақытша шектеуден гөрі тамақтанудың өмірлік ережесі деп айтқан жөн. Мұны әйгілі актриса Джессика Альбаның жаттықтырушысы Рамона Браганз ойлап тапқан. Ол күніне 3 уақыт тамақ жейді және 1 литр су ішеді. Мұнымен қатар, бір тәулікте желінетін калорияның мөлшері мен тыйым салынған азық-түліктер тізімі бар. Джессика Альба осы қағиданың арқасында 2 ай ішінде 11,5 келіге арықтаған.
Алайда, ана болу бақытына ие болған Джессика ең бастысы мінсіз мүсін емес, денсаулық екен айтады.
«3-2-1» қағидасы осы себепке байланысты тәтті, ұнды, көмірсу, тұз сынды тағамдардан бас тартуға негізделген. Есесіне майсыз қатық, ет, көкөніс, жеміс-жидек жеуге болады.
Төмендегі тағамдарды тұтынған кезде құрамында 1800 калория ғана болуы керек:
♦ Тұз бен тұздалған тағамдар;
♦ Қант және кез келген қантты тағам;
♦ Ұнды тағамдар;
♦ Барлық фаст-фуд;
♦ Майлы тұздықтар;
Таңғы ас:
♦ Буға піскен омлет;
♦ Жидек қосылған сұлы;
♦ Қатық;
Түскі ас:
♦ Майсыз ет немесе балық;
♦ Көкөністерден жасалған салат;
Кешкі ас:
♦ Бір тілім ет;
♦ Пісірілген күріш;
♦ Арасында жаңғақ пен кептірілген жеміс-жидек жеуге рұқсат етіледі.
Ал, Сіз қай диетаны ұстанасыз? Әлде диета денсаулыққа зиян деп ойлайсыз ба?
Сурет: rudaki.ru