Тырнақ күтімі неліктен маңызды?

Тек қыз баланың ғана емес, жалпы әйел затының қолы нәзік, әдемі болғаны маңызды. Атақты Коко Шанель де кезінде «қол – әйел адамның визиткасы» деп атаған екен. Қол әдемі көрінуі үшін тек теріні ғана емес, тырнақ күтіміне де мән беру керек.

Егер тырнағыңыз қабыршақтанып жарылып кетсе, бұл сырқаттың белгісі болуы ықтимал. Мұндай жағдайға әдетте жасөспірімдер немесе қалқанша безінің ақауы бар не қант диабетімен ауыратын адам ұшырауы мүмкін.

Сондықтан маманға көрініңіз. Сондай-ақ ағзаңызға жетіспейтін дәрумендерді толықтыру үшін тағам рационын өзгерткеніңіз абзал. Сізге бұдан былай сүт өнімдерін (сүт, кефир, ірімшік, қаймақ), балық, жаңғақ, кептірілген жемістер, банан, орамжапырақ, қызылша, аскөк, анар, сиыр еті мен бауырын, жұмыртқаның сарысын жегеніңіз жөн.

Үнемі лак жағып, ацетонмен сүрте берген де зиян. Сол себепті бұрын сайтымызда жарық көрген тырнақ күтімі кеңестерінің ішінен өзіңізге қолайлысын таңдап, мезгіл-мезгіл жасап тұрғаныңыз абзал.

Тырнақты неше түрлі гүлді өрнектермен безендірген қазір сәннен қалған. Алайда осыған үйреніп қалған қыз-келіншектер «ауру қалса да, әдет қалмайдының» керімен әлі күнге шейін тырнақтарын әлеміштеп алады.

Этика әлемінен хабардар арулар тырнақтарын бір тегіс лакпен немесе француз маникюрімен ғана сәндеп қойғанды ұнатады.

Сурет: ya-nails.com

Оқи отырыңыз:

Иісмайдың зияны бар ма?

Табиғи косметика: шаштың түсуін емдейтін маскалар

Безеуден құтылудың амалы

Косметика жайлы қызықты фактілер