Бұл диетаның "ағылшындық" деп аталуының себебін ойлап табушылар ғана біледі. Оның мағынасына үңілген кезде Тұманды Альбион менталитетімен байланысы бар екенін байқауға болады. Стереотиптер деп айтатын шығарсыз.
Ағылшын диетасының ұтымдылығы неде?
Аталған диетаның көмегімен 21 күннің ішінде 10 келі салмақ тастауға болады. Және ұстану ережелері өте оңай.
Ағылшын диетасының сызбасы:
1-2 күндері: 1 литр сүт, 1 стақан қызанақ шырыны, 2 үзім қара нан. Кейде «аш жүретін күндер» деп те аталады.
3-4 күн:
Таңғы ас: 1 стақан сүт, сары май жағылған қара нан және 1 шай қасық бал.
Түскі ас: балық немесе ет сорпасы, 1 тілім асылған ет, қара нан және бал қосылған шай.
Кешкі ас: 2 асылған жұмыртқа, 50 грамм ірімшік пен 1 тілім нан.
5-6 күн:
Таңғы ас: 2 алма.
Түскі ас: көкөніс сорпасы, 1 тілім қара нан және салат.
Бесіндік: 2 апельсин.
Кешкі ас: салат, қара нан, бал қосылған шай.
Бұл диетаны жылына бір рет қана ұстануға болады.
Оқи отырыңыз:
Әр адам жіберетін қателіктер
Соңғы бұйымтайдың салдары
Жастар неге үй мен көлік сатып алудан бас тартады?
Бар әлем француз бойжеткендерінің сұлулығына неге таңқалады?
Сурет:rudaki.ru