2018 жылы шаш бояуының зімбір (имбирь)-пірәндік (пряничный) латте түсі сұранысқа ие болды. Қыстағы ауа райы дәмді зімбір печеньесі мен ыстық латтемен ұқсастырылады. Бұл тәттілерге деген махаббат стилистерге шаш бояуында жаңа тренд ойлап табуына себеп болды. Зімбір-пірәндік латте түсі омбредегі шоколадты және латте реңктерінің үйлесімі. Сонымен қатар, стилистер шаш қалыңырақ көрінуі үшін оған аздап ашық реіктер де қосқан. Мұндай шаш бояуы түбегейлі өзгеріс қаламайтын, алайда шашының түсін жаңартқысы келетін қара және сарғыш шашты қыздарға сай келеді. Зімбір-пірәндік латте түсін қайталау үшін алдымен шашыңызды жылы кофе реңкіне боятып, содан соң оның үстіне ашық әрі жылы реңкті жаңғақ, бал немесе аздап блонда түстерін қосуды сұраңыз.