100% диета 28 күнге созылады. Салмақ тастауға деген құлшынысыңыз күшті болса, еш қиындығы жоқ.
Бірінші күні тек қана тауық етін жейміз.
Екінші күні тек қана балық.
Үшінші, төртінші күндер – көкөністер күні.
Бесінші, алтыншы, жетінші күндері сүт өнімдерімен азықтанамыз. Тек сүзбе, айран деген секілді тағамдардың майлылығы мейлінше аз болғанына көңіл бөліңіз. Диетаның сегізінші күніне жеткенде тауық етінен қайта бастап, тағы жеті күн қайталаймыз.
Осылай 28 күнге созылған диетадан апта сайын 2,5 келі салмақтан арыласыз. Бұл басқа диеталар секілді 200 грамнан артық, бір ас қасықтан көп жеуге болмайды деп шектеу қоймайды. Есесіне көрсетілген тағамнан өзгеге ауыз салуға болмайды. Диетаның үшінші күнінен бастап өзіңіздің жеңіл сезініп, нәтижесіне көз жеткізе бастайсыз.