- Негізгі бет
- Көзайым
- Орталық Қазақстандағы таңбалы...
Орталық Қазақстандағы таңбалы тастар (видео)
Қазақстандық Ұлттық Географиялық Қоғамының бастауымен ұйымдастырылған "Ұлытау" экспедициясы Орталық Қазақстанның тарихи өңірін туристік бағытта дамыту шараларын қарастыру мақсатында ақпараттар жинап қайтқаны жайлы жазған болатынбыз. Экспедиция барысында көне замандағы ата-бабаларымыздың тасқа қашап салынған суреттерінің біршама бөлігі аталған өңірде орналасқаны және оның Таңбалы Нұрадағы петроглифтерден де көп мөлшерде сақталғаны белгілі болды. Атап айтсақ, Қарсақбай кентінен батысқа қарай жүргендегі Байқоңыр аймағында ұзындығы 24 шақырымға дейін созылған көне петроглифтер бүгінге дейін сақталыпты. Одан бөлек, Ұлытау ауылдық округінің солтүстік-батыс жағында орналасқан Тамды өзенінің жағасында, негізгі үш мекенде, топталып салынған петроглифтер бар екен. Экспедиция мақсаты осы тарихи маңызы бар мекендерді туристік орталықтарға айналдыру болып табылады. Сол себепті арнайы жасақталған топ аталған өңірлерге қатысты барлық материалды жинақтап алуға тырысты. Толығырақ ақпаратты төмендегі видеодан көруге болады.
Сурет: massaget.kz
Ж. Өрісбай