Бүгінде стрит-арткөше бұзақыларының шимай-шатпағы емес, заманауи сурет өнерінің бір бөлігіне айналды. Алмуралдар қала ажарына көрік қоспаса, оны бұзбасы анық. Бұған стрит-арттың астанасы саналатын Лондон, Берлин, Лиссабон сияқты әлем шаһарларымысал бола алады. 20 жылдық мерейтой қарсаңында Астанада да көше суретшілерінің түрлі фестивальдеріұйымдастырылып, елордаәрлене түсті. Стрит-арт өкілдерінің Астанағаажар қосқанмуралдарын назарларыңызға ұсынамыз. Astana Street Art фестивалі аясында салынғанмуралдар 1. Ықылас Орналасқан жері: Кенесары көшесі, 63үй (сурет: instagram.com/kulanshi) Tigrohaudcrew командасы мен қазақстандық суретші Нұрлан Килибаевтың коллаборациясының нәтижесі - Ықылас туындысы. Көзжауын алатын бұл мурал көше тұрғындарының мақтанышына айналып үлгерді деп сенеміз. 2. Үлкен қала балалары Орналасқан жері: Бараев көшесі, 6/1 үй (сурет: instagram.com/kulanshi) Астаналық Canbrush командасының туындысымегополис тұрғындарының қызуөмірінен сыр шертеді. 3. Бәйге Орналасқан жері: Күйші Динакөшесі, 15үй (сурет: instagram.com/kulanshi) Tigrohaudcrew командасының Бәйге атты муралы жоғарыдағы авторлардың идеясымен астасып жатқан сияқты. Өмірбәйге. 4. Like Орналасқан жері: Абай даңғылы, 67 үй (сурет: instagram.com/kulanshi) Сурет авторы Андрей Repasтекті, ақылды әрі әдеміжануар саналатынжылқы мен заманауи адамның қызығушылығын осылай ұштастырған екен. 5. Қызғалдақ Орналасқан жері: Республика даңғылы, 34/2үй (сурет: instagram.com/kulanshi) Алматылық Tigrohaudcrew командасының тағы бір тамаша туындысы бір жағынан жаңаруды меңзесе, екінші жағынан өткенді ұмытпауға шақырады. Urban art Astanaфестивалі аясында салынғанмуралдар 6. Табиғат тақырыбындағы коллаж Орналасқан жері: С409 көшесі, 47 үй (Сурет: facebook.com/urbanfestastana) Ресейлік суретші Евгений Чес өз туындысы арқылы қала тұрғындарына табиғат пен адамның арасындағы жіпсіз байланыс пен оныбұзбаудың маңызын еске салып тұрғандай. 7. Тарихқа аллегория Орналасқан жері: Есенберлин көшесі, 30 үй (Сурет: facebook.com/urbanfestastana) Тарих пен бүгіннің байланысын ресейлік суретші Константин Змогк өткенді парақтап отырған жас қыз образында беруді жөн көріпті. Сурет заманауи стильде салынып, қанық түстермен боялса да, беймаза күйге бөлейді. 8. Сәкен Сейфуллин Орналасқан жері: Сарыарқа көшесі, 19 үй (Сурет: facebook.com/urbanfestastana) Арт группа 310 командасы дәстүрлі сурет өнері мен заманауи технологияларды тоғыстыру арқылы салған Сәкен Сейфуллиннің бейнесі қала тұрғындарының мақтанышынаайналып үлгерді. 9. Қорғаушы Орналасқан жері: 187 көше, 16/4 үй (Сурет: facebook.com/urbanfestastana) Қазаннан келгенДамир Бозик табиғаттан асқан суретші жоқ дейді. Өз туындысында ол тау барысын қорғаушы образында берген. 10. Астана сәулеті Орналасқан жері: Сейфуллинкөшесі, 11үй (Сурет: facebook.com/urbanfestastana) Ресейлік суретші Маким Реванштың муралы Астана сәулет туындыларының миксі іспеттес. Біз де келешекте Астана сәулетімен ғана емес,көз тартар стрит-арттармен ерекшеленетін қалағаайналадыдеп сенеміз. Дереккөз: el.kz